ОңТҮстік қазақстан медицина академиясы, хабаршы №4 942, 2021 жыл, том 2



Pdf көрінісі
бет167/212
Дата14.10.2023
өлшемі3,39 Mb.
#114552
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   212
Байланысты:
№4942021том2

 
 
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ, ХАБАРШЫ №4(942, 2021 жыл, ТОМ 2 
 
 
109 
омыртқа сынулары және 18% остеопороздық сынудың басқа түрлері. Барлық жамбас сынуларының 
90% -ы 50 жастан асқан халықта дамиды, ал әйелдер ерлерге қарағанда 3 есе осы жағдайға жиі 
шалдығады[3]. 
Қазақстанда, Қазақстандық остеопороз дәрігерлері қауымдастығының мәліметтері бойынша, 55 
жастан асқан әйелдердің 30%-ы остеопорозбен ауырады, ерлер арасында – 10-20%-ы. 2012 жылдан 
бері елімізде остеопороздың таралу деңгейі 60%-ға артты, мұны сарапшылар бұл ауруды 
диагностикалау әдістерінің жетілдірілуімен және Қазақстанда өмір сүру ұзақтығының ұзаруымен 
байланыстырады[4].
2012-2016 жылдардағы Қазақстан Республикасы (ҚР) халықының тірек-қимыл жүйесі 
ауруларының(ТҚЖА) жалпы аурушаңдық көрсеткіштеріне зерттеу жүргізіліп,есептелген болатын. 
АХЖ-10 сәйкес аурулардың барлық сыныптары мен жекелеген нозологиялары бойынша Мемлекеттік 
емдеу-алдын алу мекемелерінде (ЕПМ) тіркелген науқастардың саны туралы мәліметтер "Қазақстан 
Республикасы халқының денсаулығы және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі" жыл сайынғы 
ресми статистикалық жинақтарында, сондай-ақ емдеу мекемелеріне жүгіну бойынша есептерде 
жинақталған деректер бойынша ревматикалық ауруларға алдау жүргізіліп, олардың арасында 
остеопороз ерекшелеген[5].
Қазақстанның ересек тұрғындары арасында остеопороз ауруы мен таралуы (2012-2016 ж.) 
 
Жыл бойынша көрсеткіштер 
Ересектер 
оның ішінде 60 жас және одан жоғары 
барлығы әйелдер 
барлығы 
әйелдер 
2012:-барлығы 
-алғаш рет анықталған диагноз 
1129 
307 
689 
234 
386 
116 
288 
84 
2013: -барлығы 
- алғаш рет анықталған диагноз 
1347 
388 
984 
242 
494 
140 
365 
100 
2014:- барлығы 
- алғаш рет анықталған диагноз 
1750 
960 
1143 
537 
745 
152 
494 
101 
2015:- барлығы 
- алғаш рет анықталған диагноз 
1264 
418 
943 
289 
410 
125 
310 
92 
2016:- барлығы 
- алғаш рет анықталған диагноз 
1575 
395 
1155 
280 
518 
126 
397 
97 
Қазақстанда жүргізілген бұл зерттеу бойынша остеопороздың жалпы сырқаттанушылығын 
талдау науқастардың басым көпшілігін әйелдер (жылдар бойынша 61-ден 74,6% - ға дейін) құрағанын 
көрсетті, мұндай үрдіс 60 жастан асқан пациенттерде және алғаш анықталған диагнозы бар адамдарда 
байқалды. Талданған кезеңде остеопорозбен сырқаттанушылық көрсеткіштерін зерттеу жалпы 
сырқаттанушылықтың (39,5%), сондай-ақ алғаш анықталған диагноздың (23,7%) өсу динамикасын 
көрсеткен. Тірек-қимыл жүйесі ауруларының көрсеткіштерінің салыстырмалы талдауы 5 жыл ішінде 
жалпы (26,4%) және жаңадан анықталған (24,5%) негізгі ревматикалық аурулардың (РА) өсу 
динамикасы анықталған[5]. 
Қорытындылай келе, остеопороз қазіргі таңда денсаулық сақтаудың күрделі проблемасы болып 
отыр. Отандық зерттеу нәтижелері бойынша остеопороз және сыну жағдайлары денсаулық сақтау 
жүйесіне ауыр жүк болып қана қоймай, сонымен қатар 50 жастан асқан адамдардың үлес салмағының 
артуына байланысты болашақта бұл мәселенің ауырлығы күшейе түсетінін көреміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   212




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет