ОңТҮстік қазақстан медицина академиясы, хабаршы №4 942, 2021 жыл, том 2



Pdf көрінісі
бет169/212
Дата14.10.2023
өлшемі3,39 Mb.
#114552
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   212
 
Список литературы 
1.
Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-
214/2020 «Об утверждении правил проведения мероприятий по профилактике туберкулеза» 
2.
WHO consolidated guidelines on tuberculosis: module 1: prevention: tuberculosis preventive treatment, 2020 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ, ХАБАРШЫ №4(942, 2021 жыл, ТОМ 2 
 
 
111 
Оңғарбаев Б.А., 
«Медициналық-профилактикалық іс» 2 курс магистранты, Алматы қ., Қазақстан
 
Ғылыми жетекшісі:
Қожахметова А.Н.,
«Нутрициология» кафедрасының доценті, 
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Алматы қаласы. 
Ғылыми кеңесшісі: Беисбекова А.К.-
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Нутрициология» 
кафедрасының доценті , 
Шертаева А.Ж. -
оқытушы, Әл-Фараби ат.ҚазҰУ, Алматы қаласы 
 
ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҒЫН ТИІМДІ ТАМАҚТАНУМЕН 
НЫҒАЙТУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Адам өмірі мен денсаулығын нығайтып, өмір сүру сапасын арттыруда толыққұнды 
тамақтанудың маңызы зор. Қазіргі таңда маңызды микроэлементтер мен дәрумендердің тапшылығы 
жұқпалы не жұқпалы емес аурулардың туындауына алып келеді. Мұндай микронутриенттер ташы-
лықтары дене және ақыл-ой кемістігіне, түрлі жас топтарының денсаулық көрсеткіштері мен қорша-
ған ортаның қолайсыз факторларына қарсы тұру төзімділігін төмендетеді. Индустрияның қарқынды 
даму жағдайында «жасырын аштық» мәселесі, экологиялық қолайсыз қалаларда өмір сүру, жүйкеге 
түсетін салмақ пен күйзелістің әсерінен дәрумендер мен микроэлементтерге мұқтаждық артады. 
«Қазақстан-2050» мемлекеттің ұзақ мерзімдік даму стратегиясының маңызды артықшылығы 
азаматтардың білімділігі мен денсаулығы болып табылады. Сонымен қатар, Елбасының жыл сайынғы 
халыққа жолдауында спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану және ағымды профилактикалық қаралу 
аурудың алдын-алу негізі ретінде қарастыруды тапсырған [1].
Қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, халық тамақтануын-
да В тобы, С, А дәрумендері, кальций, фтор, йод, темір, фолий қ. жетіспеуін анықтап отыр. 
Мамандардың пікірінше, қазіргі уақытта адам рационында 600-ден астам түрлі заттар, қоректік заттар 
болуы керек. Қазіргі дамыған елдердегі тамақтанудағы бұзылыстар: тағамда биологиялық құнды-
лығы аз, энергиялық құндылығы жоғары рафинадталған (тазартылған) өнімдерді көп пайдалану
тағам құрамында қаныққан май қышқылдары мен жануар өнімінен алынған майларды көп
пайдалану; тамақ құрамында тағамдық талшықтардың аз болуы сияқты себептер жиі кездеседі [2].
Бүкіл әлемдік деңгейде жайлаған індеттің алдын алу профилактикасына адамның қорғаныс 
күшін жақсарту, дұрыс тамақтану, денсаулықты нығайту шараларын кешенді жүргізу аса маңызды. 
Халықтың денсаулығына тамақтану жөнінде әсер етуші факторлардың басым бөлігі витаминдердің, 
микроэлементтердің тапшылығымен байланысты болып табылады. Әлемдік тенденцияда тағамдар-
дың құрамында алмастырушы заттектер, бояулар мен тағамдық қоспалардың болуы, рафинациялау 
үрдісі тағам құнарлығын төмендетеді. Бұл организмнің антиоксидантты қорғаныс жүйелері жұмысы-
ның бұзылуына, иммунитет тапшылығы күйлерінің дамуына және соның салдары-нан организмнің 
қолайсыз факторларға тұрақтылығын төмендетеді [3].
Ұзақ уақыт бойы үйде болу физикалық белсенділікті айтарлықтай қиындатады. Тұрақты өмір 
салты және төмен физикалық белсенділік денсаулыққа, әл-ауқатқа және өмір сапасына теріс әсер етуі 
мүмкін. Карантинде болу қосымша стресс тудырып, азаматтардың психикалық денсаулығына қауіп 
төндіріп, вирусқа қарсы тұру мүмкіндігін азайтады [4].
ДДҰ 2019ж. деректері бойынша Қазақстандықтар тәулігіне 17 г тұз тұтынып, нормадан 4 
есе артық қолданған. Жұқпалы емес аурулармен күресудегі зерттеуде, Алматы, Ақтау, Қызылорда
қалаларында тағам өнімдеріндегі трансмай қышқылдары мен тұздың артық мөлшері байқалған.
Нәтижесінде транс май қышқылдарының тұтыну деңгейі нормадан 220%-ға артқан. COVID-19 –бен 
күресудегі ДДҰ сарапшылар тұз бен қант құрамы жоғары тағамдарды шектеулі тұтынып, керісінше 
иммундық жүйені нығайтатын ақуызы мол тағамдармен, фитонцидтік әсері басым көкөністер мен 
жемістерді 500г.артық тұтынуға кеңес береді [5]. Сонымен қатар, қорқыныш пен үрейді сейілтіп, 
көңіл күйдің көтерілуіне ықпалын тигізетін, ал қызыл, сарғыш, жасыл түсті тәтті жемістер, цитрустар, 
көкөністерді тұтыну маңызды. Олар адамға психологиялық жүктемені азайтып, құрамындағы 
дәрумендер мен антиоксиданттар иммундық жүйені ынталандырады, сонымен қатар, аз қозғалыстағы 
адам организміндегі метаболизмді жақсартып, артық салмақтан арылтуға көмегін тигізеді. Ересектер 
тәулігіне 2 л-ге дейін су қабылдайтынын ескерсек, тәтті не басқа газды сусындардардан гөрі, 
жемістер шырыны мен жемісқақ қайнатпалары, тұндырмалары аса пайдалы.
Бүкіл әлемдік деңгейде жайлаған індеттің алдын алу профилактикасына адамның қорғаныс 
күшін жақсарту, дұрыс тамақтану, денсаулықты нығайту шараларын кешенді жүргізу аса маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   212




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет