ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Акушерия және гинекология кафедрасы
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
№ 7
Тақырыбы: Жүктілік пен экстрагенитальды патологиялар. Аурудың бақылауда және күтуде мейірбикелік қызметтің мақсаты мен маңызы.
Пән: AGMI 3214 «Акушерия және гинекологиядағы мейірбике ісі»
Мамандығы: 051101 – «Мейірбике ісі»
Курс - ІІІ
Уақыты – 3 сағат
Құрастырған: Джунусова Р.К.
Шымкент, 2013.
Кафедра мәжілісінде қаралып бекітілді
Хаттама №_11__ _08.06.___2013 ж.
Акушерия және гинекология
кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Тлеужан Р.Т.
1. Тақырыбы: Жүктілік пен экстрагенитальды патологиялар. Аурудың бақылауда және күтуде мейірбикелік қызметтің мақсаты мен маңызы.
2. Мақсаты: студенттерді экстрагенитальді аурулармен жүкті әйелдерде жүктіліктің ағымы мен жүргізуі,босануды жүргізу, жүктілікке қарсы көрсеткіштері, емдеу жолдары. Науқастарды бақылау және күтуде мейірбикелік көмектің мақсаты мен маңызымен таныстыру.
3. Оқыту мақсаты:
Білім негізіне сүйене отырып, әр түрлі экстрагенитальды аурулар, туберкулез, бауыр, бүйрек аурулармен ауыратын науқастарда жүктілік пен босану ағымының ерекшеліктерін таныстыру. Студенттерге жоғарыда көрсетілген патологиясы бар науқастарда жүктілікті жалғастыруға көрсеткіш, қарсы көрсеткішті және жүктілік пен босандыруды, босандырудан кейінгі периодты дұрыс жүргізуді үйрену.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Жүректің туа біткен және жүре пайда болған ақаулары клиникасы, диагностикасы
Пиелонефрит и гломерулонефрит: клиникасы, диагностикасы
Қант диабеті: клиникасы, диагностикасы
АИВ-инфекция: клиникасы, диагностикасы
Вирусты гепатит: клиникасы, диагностикасы
Жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларында жүктілік ағымының ерекшеліктері
Бүйрек аурулары кезіндегі жүктілік ағымының ерекшеліктері
Бауыр аурулары кезінде жүктілік ағымының ерекшеліктері
Достарыңызбен бөлісу: |