Стерильді дәрілік түрлер өндірілетін бөлмелерге қойылатын талаптар.
Персоналға, киімге және қондырғыларға қойылатын талаптар.
Стерильді және асептикалық дайындалатын дәрілік түрлер өндірісінің даму перспективалары.
Стерильді және асептикалық дайындалатын дәрілік түрлердің сақталу мерзімін ұзарту мен тұрақтандыру жолдары.
Дәрілік түрдің микробтық тұрақсыздығына байланысты тәуекел (риск).
Кредит 5 Тақырыбы 2: Инъекциялар мен инфузиялар өндірісінде қолданылатын көмекші заттарға қойылатын талаптар. Инъекциялар мен инфузиялар өндірісінде қолдануға рұқсат етілген көмекші заттардың заманауи номенклатурасы. Мақсаты: Студенттерді фармацевтік өндірісте қолдануға рұқсат етілген көмекші заттардың заманауи номенклатурасымен таныстыру. Ғылыми және практикалық есептерді шығаруда студенттерде өздігінше шығармашылық дағдыларды қалыптастыру.
Тапсырма: тақырыпты меңгеру үшін әдебиеттермен және электрондық қормен жұмыс істеуді жүргізу, сол кезде келесі сұрақтарға көңіл аудару керек: