Тапсыру мерзімі: 15 апта
Әдебиет негізгі Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008. – 348 бет.
МФ Х, ХІ басылымы.
ҚР МФ – 1-басылым. - Астана – 2008 ж.
И.А. Муравьев «Технология лекарственных форм» том 1. М., Медицина – 1980 ж
Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм. Под. ред. Т.С. Кондратьевой - М., Медицина - 1986 ж.
Технология лекарственных форм. под ред. Кондратьевой Т.С. том. 1. М. Медицина – 1991 ж.
қосымша 1. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах. М.2002.
Бақылау: Тесттер: Экстракциялық препараттар Биогенді стимулятор – бұл ... .
А) оқшауланған өсімдік және жануарлар ұлпасында қолайсыз жағдайларда түзілетін заттардың препараттары
B) дәрілік өсімдік шикізатынан қыздырусыз және экстрагентті аластатусыз алынатын биологиялық белсенді заттардың спиртті сығындылары
C) дәрілік өсімдік шикізатынан экстрагентті толық немесе жартылай аластатумен алынған биологиялық белсенді заттардың концентрлі сығындылары
D) жас өсімдік шикізатынан сығындау жолымен бөлінген және биологиялық белсенді заттары табиғи күйде болатын қою немесе қою емес шырындар
E) биологиялық белсенді заттары табиғи күйде болатын, балласты және басқа да ілеспелі заттардан толық тазартылған дәрілік өсімдік шикізатының сығындылары
Үздіксіз қарсы ағынды экстракциялауда процестің ұзақтығы ... себептерінен қысқарады.
А) экстракциялау ортасында шикізатты араластыру және қосымша ұнтақтау, жаңа экстрагенттің берілу бағытына қарсы шикізатты үздіксіз жылжыту және концентрация жоғары айырымын сақтау, қыздыру
B) жаңа экстрагенттің берілу бағытына қарсы шикізатты үздіксіз жылжыту, суытуды пайдалану
C) жаңа экстрагенттің берілу бағытына қарсы шикізатты үздіксіз жылжыту, берілетін шикізат мөлшерін азайту
D) жаңа экстрагенттің берілу бағытына қарсы шикізатты үздіксіз жылжыту және концентрацияның жоғары айырмашылығын сақтау, берілетін шикізат мөлшерін азайту, суыту
E) шикізат қабаты арқылы төменнен жоғары экстрагентті жылжыту
Циркуляциялық экстракциялау – бұл ... әдісі.
А) өсімдік шикізатын ол толық сығындылағанға дейін ұшқыш экстрагенттің бір порциясымен көп қайтара өңдеу
B) шикізатты бөліктерге бөліп, әрбір келесі порциясын алдыңғыдан алынған сығындымен экстракциялау
C) ісінген шикізат қабаты арқылы оның толық сығындалуына дейін экстрагентті үздіксіз өткізіп отыру
D) бөлме температурасында есептелінген экстрагенттің мөлшерімен шикізатты ұзақ тұндыру әдісі
E) 2-3 бөлікке бөлінген экстрагенттің әртүрлі порциясында шикізатты кезекпен тұндыратын, ал сығындыларды соңынан біріктіру
Диализ механизмі ... аяқталады.
А) диффузия жолымен жартылай өткізгіш мембрана арқылы сығындыны биополимерлерден босатумен
B) бір сұйықтықта еріген әсер етуші заттарды бөліп алу, заттардың әртүрлі ерігіштігіне байланысты бірінші сұйықтықпен араласпайтын басқа сұйықтық көмегімен экстракциялаумен
C) қатты заттың ерітіндіден бір немесе бірнеше компоненттерді таңдамалы жұтуымен
D) жоғары немесе төмен температура, УК-сәулелер, ультрадыбыс әсерімен сығындыдағы ақуыздарды және пектиндерді тұндырумен
E) күшті электролиттер ерітінділерінің көмегімен гидраттық қабатын бұзу
арқылы сығындыдағы биополимерлерді тұндырумен
Экстракциялау кезінде концентрацияның жоғары айырмашылығын қамтамасыз ететін оптималды тәсіл – бұл ... .
А) өңделген шикізатқа қарсы ағынмен жаңа экстрагентті беру
B) экстрагирлеу ұзақтығын жоғарылату
C) экстрагирлеу температурасын жоғарылату немесе төмендету
D) бастапқы шикізатты қосымша ұнтақтау
E) тұндыру кезінде үнемі араластырып отыру
Сұйық экстракттар өндірісіндегі шикізат пен дайын өнім қатынасы ... .
A) 1:1
B) 1:5
C) 5:1
D) 1:10
E) 1:2
Масса алмасу процестеріне ... жатады.
А) еріту, экстракция
B) ұнтақтау, елеу
C) қыздыру-салқындату
D) фильтрлеу, тұндыру
E) центрифугалау, араластыру
Экстрагенттер ретінде қолданылатын заттар ... .
А) хлороформ, этанол, гексан, өсімдік майлары, сұйытылған көміртегі тотығы
B) толуол, ацетон, глицерин
C) ацетон, бензол, минералды майлар
D) гексан, бутанол, метанол, бензол, ацетон, толуол
E) пиридин, анилин, бензол
Жаңа галендік препараттар – бұл ... .
А) дәрілік өсімдік шикізатынан алынған, құрамында биологиялық заттары табиғи күйде болатын, балласты және қосымша ілеспелі заттардан толық тазартылған сығындылар
B) қыздырусыз және экстрагентті аластатпай, дәрілік өсімдік шикізатынан алынатын биологиялық белсенді заттардың спирттік сығындысы
C) экстрагентті толық немесе жартылай аластату арқылы алынған, дәрілік өсімдік шикізатының концентрлі сығындылары
D) бөліп алынған өсімдік және жануарлар ұлпасында қолайсыз жағдайларда түзілетін заттардың препараттары
E) құрамында биологиялық белсенді заттары табиғи күйде болатын және жас өсімдік шикізатынан сығу арқылы алынған қою және қою емес шырындар
Сұйық экстрактар өндірісінде тазарту үшін, ... қолданылады.
спирттік тазалау: 80С температурадан жоғары емес, 2-7 тәулік бойына спирттік сығынды тұндыру, сосын фильтрлеу
сорбция: адсорбенттермен бірнеше тәулік тұндырып, фильтрлеу
D) спирттік тазалау: шырын тәрізді сулы сығындыны 95% этанолмен өңдеп, 24 сағат тұндыру және фильтрлеу
термиялық өңдеу және сорбция: адсорбентпен қайнату, 24 сағат тұндыру және фильтрлеу
Майлы экстракттар номенклатурасы ... .
А) меңдуана, шайқурай, сасық меңдуана, итмұрын, итшомырт экстракттары
B) жусан, термопсис экстракттары
C) итшомырт, итжидек экстракттары
D) мия, шүйгіншөп экстракттары
E) мыңжапырақ, долана, итжидек экстракттары
Органдық препараттар өндірісінде сығындыны алғашқы тазартудан өткізген кезде аластатылатын балласты заттар ... .
А) ақуыздар, липидтер
B) витаминдер
C) амин қышқылдары
D) микроэлементтер
E) көмірсулар