1. Тақырыбы: Шаншуға арналған ерітінділер технологиясы.
2. Мақсаты: Тұрақтандырғыштарды қолдануды талап ететін шаншуға арналған ерітінділерді және изотондық ерітінділердің НҚ талаптарына сәйкес дәрілік заттардың физика-химиялық қасиеттерін ескере отырып дайындауды сапасын бағалауды үйрену.
3. Оқыту мақсаты: Студент білуге тиіс:
шаншуға арналған дәрілік түрлерге қойылатын талаптарды және оларды қамтамасыз ету тәсілдерін;
стерильдеу тәсілдері, автоклавтын құрылысы және эксплуатациялау ережелері;
шаншуға арналған ерітінділерді дайындау, тұрақтандыру, сапасын бағалау, сақтау және босатуға безендіру бойынша нормативті құжаттар талаптарын;
шаншуға арналған ерітінділерді дайындауда қолданылатын тұрақтандырғыштардың қасиеттері;
шаншуға арналған ерітінділерді тұрақтандырғыштармен дайындау кезінде операциялардың реттілігін орындауды.
дәрілік заттардың изотондық концентрацияларын есептеу тәсілдерін;
стерильдігі, сапасын бағалау.
Студент істей алуға тиіс:
дәрілік заттар және шаншуға арналған су мөлшерлерін есептеуді;
жазылым құрамына кіретін ингредиенттердің қасиеттерін ескеріп, шаншуға арналған ерітінділердің оптимальды технологиясын таңдауды және дәйектеуді;
изотонды ерітінділер дайындау үшін дәрілік және қосымша заттардың мөлшерлерін есептеуді;
изотондық ерітінділерді дайындаудың рациональды технологиясын таңдауды және дәйектеуді;
изотонды ерітінділер дайындау үшін негізгі технолгиялық операцияларды орындауды: (өлшеуді, ерітуді, сүзуді, сапасын бақылауды, герметикалық тығындалуын, стерильдеуге безендіруді, стерильдеуді);
шаншуға арналған ерітінділерді орамдауды, тығындауды және босатуға безендіруді, ерітінділердің сапасын бағалауды;