Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы дәрілер технологиясы кафедрасы ТӘжірибелік сабақҚа арналған әдістемелік нұСҚАУ



бет1/65
Дата22.12.2023
өлшемі0,75 Mb.
#142957
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
Практ-заниятия-Основы-фармацевтической-технологии-3-курс-5-семестр90-сагат-каз


оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы


дәрілер технологиясы кафедрасы


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


Пән: Фармацевтік технологияның негіздері


Пән коды: OFT 3328


Мамандық: 5В074800 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»
Оқу сағаттарының көлемі (кредиттер): 90 (2 кредит)


Курс: 3


Семестр: 5
БЕКІТІЛГЕН
___________________ Сағындықова Б.А. кафедра меңг., фарм.ғ.д., профессор
___ _____2014 ж. Хаттама №___

2014 ж.
1 сабақ


1. Тақырыбы: Дәрілік түрлер технологиясында дозалау.


2. Мақсаты: Дәріханалық қол таразылардың және тарирлі таразылардың құрылысын және жұмыс істеу принциптерін оқып білу. Салмақ бойынша қатты, тұтқыр және сұйық заттарды дұрыс дозалауды және таразылардың дәл көрсеткіштерін тексеруді үйрену.


3. Оқыту мақсаты:

Студент білуге тиіс:


  1. Салмақ бойынша дозалау құралдарының жалпы сипаттамаларын.

  2. Зат массасын дәл анықтауды қамтамасыз ететін метрологиялық сипаттамаларды.

Студент істей алуға тиіс:

  1. Қол таразылардың тең иінін қайта байлауды.

  2. Таразыны теңестіруді.

  3. Заттың салмағын көрсететін грамдық бөліктерді дұрыс оқуды.

  4. Техникалық таразылардың негізгі метрологиялық сипаттамаларын тексеруді.

  5. Әртүрлі өлшемдерді қол және тарирлі таразыларда өлшеуде салыстырмалы қателіктерді анықтауды.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Дәрілік құралдарды салмақ бойынша дозалау.

  2. Дәрілік құралдарды көлем бойынша дозалау.

  3. Дәріханалық іс-тәжірибеде қолданылатын таразылар.

  4. Беттік тартылу. Нақты сұйықтықтың тұтқырлығы.

  5. Қондырғылар дәлдігі. Тамшы түзілу.

  6. Көлем және тамшы бойынша дозалауда қолданылатын өлшегіш құралдар.

Тапсырма 1
Техникалық таразының сезімталдығын және стандартты емес тамызғышты калибрлеу әдістемесін (Анарбаева Р.М. «Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралы» 30-31, 36-37 б.) конспектілеу.
Тапсырма 2

  • МФ құрылысын оқу және тәжірибелік жұмыста қолдану;

  • Ќазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 91 Қаулысы "Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығының негізгі баптарын конспектілеу және танысу.

Тапсырма 3
Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2011 жылєы 30 желтоќсандаєы № 1693 Ќаулысы «Дјрілік заттарды, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдар мен медициналыќ техниканы кґтерме жјне бґлшек саудада ґткізу ќаєидаларын бекіту туралы» бұйрығымен танысу және конспектілеу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет