Тестік тапсырмалар
1. 7,0 жалынгүл шөбінен 210 мл сулы сірінді дайындау үшін белсенділігі 70 БӘБ шикізаттан қанша алу керек /МФ XІ бойынша шикізат белсенділігі 66 БӘБ/:
А) 6,6
В) 6,0
С) 8,0
D) 7,0
Е) 25,0
2. Алколидтары 2,1 % /стандартты шикізатта алколоид мөлшері МФ ХІ бойынша 1,5% кем емес/ термопсис шөбінің 1:400-180 мл тұнбасын дайындауға қажетті шикізат мөлшері:
А) 0,32
В) 0,18
С) 2,22
D) 0,50
Е) 0,45
3. 0,4 наперстянка жапырақтарынан 150 мл сулы сірінді дайындау үшін белсенділігі 80 БӘБ шикізаттан қанша алу керек /МФ ХІ бойынша шикізат белсенділігі 50-66 БӘБ/:
А) 0,3
В) 0,5
С) 0,45
D) 0,33
Е) 0,4
4. 1:30-120 мл меруертгүл шөбінен сірінді дайындауға қажетті шикізат пен су мөлшері:
А) 4,0 және 130 мл
В) 0,3 және 130 мл
С) 1,2 және 123 мл
D) 6,0 және 130 мл
Е) 12,0 және 150 мл
5. 1:30-180 мл спорынья сулы сіріндісін дайындауға құрамындағы алколоидтары 0,07 % шикізат /МФ ХІ бойынша 0,05%/ мөлшері:
А) 4,3
В) 6,0
С) 13,3
D) 9,0
Е) 18,0
6. Су сіңіру коэффициенті дегеніміз 1,0 дәрілік шикізаттың бойында ........ кейін қалатын су мөлшері:
А) сыққаннан
В) сүзгеннен
С) еріткеннен
D) фильтрленгеннен
Е) суытқаннан
7. Жапырақтардың, гүлдердің, шөптердің майдалану дәрежесі ...... ірі емес болуы тиіс:
А) 5 мм
В) 3 ммс
С) 10 мм
D) 0,5 мм
Е) 1 мм
8. Итшомырт қабығынан 280 мл сірінді дайындауға қажет шикізат пен су мөлшері (су сіңіру коэффициенті 1,6):
А) 28,0 325 мл
В) 2,8 285 мл
С) 14,0 303 мл
D) 0,7 280 мл
Е) 1,6 281,6 мл
Сабақ 10
1. Тақырыбы: Тұнбалар мен қайнатпаларды құрамында шырышты заты бар өсімдік шикізаттарымен дайындау. Экстракт-концентраттарды қолдану.
2. Мақсаты: Дәрілік өсімдік шикізатын және экстрагент мөлшерін есептеуді, құрамында шырышты заттары және экстракт-концентраттары бар тұнбалар дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |