ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы студенттің Өзіндік жұмысына арналған әдістемелік өҢдеу



бет29/64
Дата15.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#123562
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64
Байланысты:
метод-СРС-эпидем-ОЗ-каз

4. Орындау түрі:

  1. Реферат дайындау және қорғау

  2. Тапсырма құрастыру

5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:

  • Реферат, презентация дайындау сапасын бағалау: заманауи әдебиеттерді, электронды тасымалдағыштар (ғаламтор), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тақырыптың басты сәттерін көрсете білу.

  • Клиникалық тапсырма құрастыруда теориялық білімін қолдана білу

  • Әріпті баллды рейтингілік жүйе бойынша

6. Тапсыру мерзімі:

  1. 14-15 апта

7. Әдебиет:
негізгі:
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.
қосымша:
1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.,2006.
2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық
паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. -422 б.
8. Бақылау (тесттер, есептер):
Тесттер:
1. Зонне дизентериясымен ауру-сырқаулықтың көп тіркелуі ... болады.
а) 3 жасқа дейін
б) 3-6 жас аралығында
в) 7-10 жас аралығында
г) 10 жастан жоғары
2. Дизентериямен ауырған науқас ... кезеңінде жұқпалы.
а) жасырын
в) аурудың өршуі, реконвалесценция
б) продромальді
г) жазылу
3. Шигеллезбен ауырған науқас ... кезеңінде жұқпалы.
а) продромальді
б) аурудың өршу
в) жасырын
г) реконвалесценция
4. Дизентерия ауруының инфекция көзі:
а) науқастар және бактерия тасымалдаушы
б) құстар
в) ауру жануарлар
г) құрамында қоздарғыш бар азық-түлік
5. Дизентерияның берілу жолы:
а) нәжіс-ауыздық
б) қатынас
в) трансмиссивті
г) аэрогенді
6. Эшерихиоздың қоздырғышына қатысты дұрыс бекітуді атаңыз
а) клиникалық көрініс қоздырғыштың патогендік факторларына тәуелді
б) әдетте жалпы интоксикация белгілері басым
в) гепатолиенальды синдромы болады
г) диспепсиялық синдром әлсіз
д) сарғаю мен гепатит жиі кездеседі
7. Эшеризиоздың қоздырғышына қатысты дұрыс емес бекітуді атаңыз. Эшерихиоз диагнозын растау үшін ... қолданылады.
а) нәжістің бактериологиялық зерттеуі
б) асқазанның жуынды суының бактериологиялық зерттеуі
в) құсықтың бактериологиялық зерттеуі
г) қанның бактериологиялық зерттеуі
д) қос сары суда агглютинация реакциясы
8. Эшерихиоздың қоздырғышына қатысты дұрыс бекітуді атаңыз. Эшерихиоздың ажырату диагнозын ... ауруымен жүргізеді.
а) сарып
б) ботулизм
в) сальмонеллез
г) лептоспироз
д) токсоплазмоз
9. Эшеризиоздың қоздырғышына қатысты дұрыс емес бекітуді атаңыз. Эшерихиоздың этиотропты терапия ретінде ... қолданылады.
а) фурозолидон
б) фторхинолондар
в) невиграмон
г) бисептол
д) клафоран
10. Эшерихиоздың барлық түрінде госпитализацияға жататындары:
а) 14 жасқа дейінгі балалар
б) үлкеніне
в) тұрғындардың барлық топтары
г) мектепке дейінгі мекемедегі балалар
д) балалар үйіңдегі бөбектер
11. Полиомиелит ауруының инфекция көзі:
а) науқас аурудың манифестті түрімен, вирус тасымалдаушы
б) науқас аурудың созылмалы түрі
в) мектеп оқушылары
г) реконвалесценция кезіндегі науқас
12. Полиомиелит ауруының алдын алу шараларының бастысы
а) полиомиелит тектес аурулардың ьарлығын бақылау және анықтау
б) «жабайы» полиовирустың айналымын бақылау
в) инфекцияның иммундық алдын алуы
г) алдын алу дезинфекциясы
13. Полиомиелитпен ауыратын науқастың ... кезеңінде жұқпалы.
а) жасырын
б) продромальді
в) аурудың өршуі
г) реконвалесценция
15. Энтеровирусты инфекцияға қатысты дұрыс емес бекітуді атаңыз:
а) энтеровирустың 70 аса серовары қоздырғыш болып табылады
б) энтеровирустар қоршаған ортаға төзімді
в) қоздырғыш көзі ауру адам немесе вирустасмалдаушы
г) максималды аурушаңдық жаз-күз кезеңдерінде тіркеледі
д) аурудың клиникалық көрінісі қоздырғыш сероварына байланысты
16. Энтеровирусты инфекцияға қатысты дұрыс бекітуді атаңыз:
а) барлық жерде тараған
б) нақты маусымдығы жоқ
в) жиі қоздырғыш көзі үй жануарлары болып табылады
г) қоздырғыштың берілу жолы трансмиссивті болу мүмкін
д) егу эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жасалады
1 жағдайлық есеп
3 күн бойы ауырған студентке жеде дизентерия диагнозы клини калық көрсеткіштер бойынша қойылған. Науқасты үйіне қалдырған. Жанұясында: анасы – мұғалім, әкесі – журналист, қарындасы – 9 сынып оқушысы. Барлық жағдайы жасалған. 3 бөлмелі пәтерде тұрады.

  • Ошақта эпидемияға қарсы қандай шаралар жасау керек?

2 жағдайлық есеп
45 жасар аспазшының көмекшісі жедел гастроэнтеритпен ауырғанына 4 күн болған. Нәжісін бактериалдық зерттеуде ЭПКП 055. Аурудың ағымы жеңіл өткен. Науқас бір бөлмелі пәтерде тұрады. Әйел шаштаразшы, қызы фармацепт болып жұмыс істейді.

  • Эпидемиялық ошаққа қандай қарсы шаралар жүргізу.

3 жағдайлық есеп
Мектеп жасындағы балада ЖРВИ-ден кейін бет нервісінің парезі пайда болды. Вирусологиялық зерттеуде полиовирус анықталды.

  • Диагноз қою мәселесін шешіңіз?

  • Эпидемияға қарсы қандай шаралар жүргізу керек?

4 жағдайлық есеп
17 жастағы балаға стационарда бактериологиялық анализден тырысқақ анықталды. Баланың анамнезінде: шомылуға барғаны анықталды.

  • Ошақта қандай іс-шаралар жүргізу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет