ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы студенттің Өзіндік жұмысына арналған әдістемелік өҢдеу



бет20/64
Дата15.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#123562
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64
Жағдайлық есеп №1
Науқас С, 36 жаста, 16.04. дәрігерге жұтынғанда тамағының ауырғанына, дене қызуының 38,60С көтерілуіне, басының ауырғанына шағымданған. 14.04. ауырған – тамағында ауырсыну пайда болған. 15.04. таңертең науқас айнаның көмегімен тамағын көргенде сұр түсті жабындымен қапталғанын байқады. Ас тұзымен шайғаннан жағдайы жақсармаған. 16.04 таңертең жағының оң бөлігінің төменгі жағындағы ісікті байқады. Дәрігерге қаралды. Дәрігер науқастың жағдайын орташа ауырлықта деп бағалады, бетінің бозаруы, мойнының ортасына дейін жүмсақ қамыр тәрізді ісік. Ісік қалыпты түсте, пальпация жасағанда оң жақ астындағы лимфотүйіндері аздап ауырсынады. Ауыз қуысынан шпательмен жабынды алғанда шырышты қан байқалды. Тыныс алуы қиын емес, даусы қалыпты. Жүрек соғысы – 100 минутына, АҚ – 170/90 мм.с.б.

  1. Қандай диагноз қоясыз?

А. Лакунарлы ангина
Б. Ауыз қуысының күлі, токсикалық түрі
В. Туляремия, ангинозды-гландулярлы формасы
Г. Жұқпалы мононуклеоз
Д. Паратонзиллярлы абцесс
2.Аурудың гемограммасында қандай типтік өзгерістер байқалады?
А. Әлсіз лейкоцитоз, нейтрофилез, таяқшалардың жылжуы
Б. Лейкопения, лимфоцитоз
В. Лейкоцитоз, лимфо және моноцитоз, атипті мононуклеарлар
3. Аурудың қоздырғышы болып ... табылады:
А. Вирустар
Б. Бактериялар
В. Микоплазмалар
Г. Хламидиялар
Д. Риккетсиялар
4. Осы ауруға келесі берілу жолдары тән, мынадан басқа:
А. Тұрмыстық қарым-қатынас
Б. Тағамдық
В. Ауа-тамшылы
Г. Трансмиссивті
5. эпидемияға қарсы шаралардың бастысын таңдаңыз:
А. Дератизация
Б. Ағымдық және қорытынды дезинфекция
В. Жоспарлы вакцинация
Г. Дезинсекция
Жағдайлық есеп №2
Бала 1 жас 5 айлық, дене қызуы 39 С көтерілгеннен, мазасызданудан, 1 рет құсудан жедел ауырған. Қараған кезде жағдайы ауыр. Тері жамылғысы бозғылт, бөксе мен аяқта ұсақ, жұлдызша тәрізді, әртүрлі реңді – ашық қызылдан қанық қызылға дейінгі геморрагиялық бөртпелер байқалады. Жүрек тондары ырғақты, тұйықталған. ЖСЖ -120 рет, ТЖ – 52 рет. Менингиальды симптомдар теріс мәнді.

  1. Диагнозын қойыңыз

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз

  3. Қандай эпидемияға қарсы шараларды жүргізу қажет?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет