ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы студенттің Өзіндік жұмысына арналған әдістемелік өҢдеу



бет22/64
Дата15.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#123562
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   64
7. Әдебиет:
негізгі:
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.
қосымша:
1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н., 2006.
2. Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын алу. Оқу-әдістемелік құрал. Әміреев С.Ә., Ирсимбетова Н.А. – Алматы, 2000ж.
8. Бақылау (тесттер, есептер):
Тесттер:
1. Жедел респираторлы-вирусты инфекция сипатталады:
а) әртүрлі топты этиологиялық аурулармен
б) жедел және массалық жайылу
в) қоздырғыштың жоғарғы сезімталдығымен
г) балалар арасында кең жайылумен
д) барлық аталғандармен
2. Жедел респираторлы-вирусты инфекциялардың жалпы заңды әртүрлі формасы ... болып табылады:
а) инфекция көзі – науқас адам
б) берілу жолы – ауа-тамшылы
в) адамның жоғарғы қабылдағыштығы
г) балалар арасында бұл ауру жоғарғы орын
д) аталғандардың барлығы
3. Тұмау кезінде негізгі алдын алу шаралары:
а) эпидемияданалдын кезеңдегі топтардың жоғарғы
қауіп иммунизациясы
б) науқасты қараған кездегі қорғаныс бетпердесін тағу
в) науқасты емдеу
г) ошақтық дезинфекция жүргізу
4. Тұмау патогенезінің негізгі көзі:
а) репродуктивті қоздырғыштың эпителий клеткасына енуі
б) вирусемия, токсемия
в) орталық және вегетативті нерв жүйесінің зақымдалуы
г) ағзаның иммунологиялық реактивтілігінің төмендеуі және эндогенді
бактериалдық флорасының активациясы
д) аталғандардың барлығы
5. Ерте жастағы балаларда тұмаудың клиникалық көрінісі сипатталады:
а) нерв жүйесінің зақымдалуы
б) тырысу және менингеальды синдромы
в) тыныс алу жетіспеушілігі
г) жалған круппен (өкпенің және жұтқыншақтың ісінуімен)
д) аталғандардың барлығы
6. Егде жастағыларда тұмаудың клиникалық көрінісі:
а) ринофарингитпен және фаринголарингитпен
б) ринофарингитпен және фаринголарингитпен
в) трахеобронхитпен
г) конъюктивитпен
д) аталғандардың барлығымен
7. Герпетикалық қоздырғыштардың берілу жолы :
а) тұрмыстық-қатынасты
б) ауа-тамшылы
в) жыныстық
г) вертикальды
8. Айналасындағыларға қауіп тудыратын науқас … болып табылады:
а) менингококты назофаринитпен
б) сау менингококты тасымалдаушы
в) менингококты менингит
г) менингококцемия
9. Эпидемялық паротитпен ауырған науқас қауіпті:
а) жасырын кезеңнің ортасынан аурудың 5-ші күніне дейін
б) жасырын кезеңнің соңғы 3-8 күндері және өрбу кезеңінің аяғына дейін
в) аурудың бірінші күнінен сілекей бездерірнің қабынуы
г) жасырын кезеңнің соңғы 3-8 күндері және аурудың 10-шы күніне дейін
10. Паротитке қарсы егуге мына балалар жатады:
а) 6 айлық, паротитпен ауырмаған
б) 12 айлық, паротитпен ауырмаған
в) 12 айлық, паротитпен ауырған
г) 14 жасар, 12 айлығында тірі паротитті вакцина егілген
1 жағдайлық есеп
Бала-бақшадағы 22 жасар жүкті тәрбиеші дене қызуының көтерілуіне, шүйде лимфатүйіндерінің ауырып ұлғаюына, теріде майда дақты қызғылт түсті бөртпелердің болуына, буындарының ауыруына шағымданады. Ауырғанына 2 күн болған, жағдайы қанағаттанарлық, анамнезінде екінші жүктілігі, мерзімі 16.

  1. Диагнозын қойыңыз

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз

  3. Қандай эпидемияға қарсы шараларды жүргізу қажет?

2 жағдайлық есеп
Анасының айтуы бойынша, 6 жастағы қыз баланың ауруының 8 күнінде басының айналуына, бұрмалап сөйлеуіне, теңселмелі жүрісіне, басын ұстай алмайтындығына шағымданған. Қарау кезінде – барлық денесіне кебіңкі визикулезді бөртпелер мен қабыршықтар, мойын бұлшықетінің артқа тартылуы анықталған.
1. Диагнозын қойыңыз
2.Тексеру жоспарын құрыңыз
3.Қандай эпидемияға қарсы шараларды жүргізу қажет?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет