8. Бақылау (тесттер, есептер): 1. «Девастация» термині білдіреді ….
А)белгілі аймақта гельминтті толық жою
Б) гельминтозды толық жою
В) ағзадан гельминтті шығару.
Г) гельминт жұмыртқаларын жою
Д) гельминтоздарды емдеу
2. Не себепті аскаридоз ең жиі таралған гельминтоздардың бірі болып табылады?
А) инфекция көзінің күштілігі және берілу факторларының көптігі
Б) Гельминт барлық табиғи-климаттық аймақтарда таралған
В) адам бірнеше рет залалдану мүмкін
Г) берілу механзмдерінің іске асырылуының жеңілдігі.
Д) гельминттің орасан репродуктивті мүмкіндігі.
3. Аскаридоз қоздырғышының берілу факторларына жатады ….
А) қолдар
Б) су
В) жеміс-жидек
Г) топырақ
Д) шыбындар
4. Аскаридоз қоздырғышының инфекция көзі болып табылады...
А) адам
Б) жұмыртқалармен залалданған қоршаған орта объектілері
В) шыбындар
Г) таракандар
Д) барлық аталғандар
5. Аскрида жұмыртқалары популяциясына .... факторлар әсер етеді.
А) температура
Б) ылғалдылық
В) топырақта оттегі мөлшері
Г) ультракүлгін радиация
Д) барлық аталғандар факторлар
6. Аскаридоздың жедел фазасында дегельминтизация жасау үшін тиімді препараттарды атаңыз
А) Декарис
Б) Комбактерии
В) Ментозол
Г) Вермокс
Д) Тиабендазол
7. Анкилостомидозға тән клиникалық белгілерді атаңыз:
А) теміртапшылықты анемия
Б) қышитын эритемді бөртпе
В) Бронхит, плеврит, пневмония
Г) асқазан-ішекті бұзылыстар
Д) буындардың зақымдалуы
8. Адамның анкилостомидозбен залалдануы ... арқылы жүзеге асады.
А) алиментарлы – жеміс-жидектерді қолданғанда
Б) Перкутанды (тері арқылы) топырақпен қатынаста болғанда.
В) Аспирационды – шаңды жұтқанда.
Г) Қатынастық- тұрмыстық (шаруашылық).
Д) Трансмиссивті – қосбуындылырдың шағуында.
9. Трихоцефалез қоздырғыштары мекендейді…
А) соқыр ішекте.
Б) құрт тәрізді өсіндіде.
В) тоқ ішекте.
Г) тік ішекте.
Д) бауырда.
10. Трихоцефалездің патогенезінде және клиникалық көріністерінде қандай аспектілер негізгі болып табылады
А) Власоглав личинкаларының жарақаттық әсері.
Б) Анемия.
В) Сенсибилизирлеуші әсер.
Г) Гемоколиттің дамуы.
Д) Барлық аталғандар.
11. Острицаның өмірлік циклы жүреді....
А) Ұрғашы перианальді қыртыста жұмыртқалап және өледі
Б) Сыртқы ортада жұмыртқалардың инвазивті түрлеріне дейін толық жетілуі.
В) Ауыз арқылы ішекке түскен соң личинкалар ересек түрлерге ауысуы.
Г) Өмірлік циклының ұзақтығы 1-2 ай.
Д) Барлық аталғандар дұрыс.
12. Не себепті энтеробиоз космополиттік инвазияларға жатқызылады?
А) кең таралған.
Б) аутоинвазияның дамуы.
В) қайта залалдану әсерінен емделуінің қиындғы.
Г) инвазияның берілу жолдары мен факторларының әр түрлігі.
Д) Барлық аталғандар дұрыс.
13. Гельминтоздардағы БМҰ-да ең тиімді эпидемияға қарсы шаралар болып табылады
А) балаларға дегельминтизация жүргізу.
Б) балаларға, БМҰ ұжымына, отбасы мүшелеріне дегельминтизацияны бір уақытта жүргізу.
В) дезинфекцияны хлораминмен жүргізу.
Г) балалармен санитарлы-гигиеналық ережелерді сақтау.
Д) сәйкес құжаттары жоқ жүзу бассейндерге баруды тиым салу.
14. Гименолепидоздың берілу факторларына жатпайды:
А) қолдар
Б) үй тұрмыстық заттар
В) нан өнімдері.
Г) шыбындар.
Д) ірі қара мал еті
15. Гименолепидоздың аталған патогенез аспектілердің қайсысы эпидемиологиялық маңызы бар?
А) Токсико-аллергиялық әсері.
Б) Ішек микрофлорасының бұзылуы.
В) Паразиттің гиповитаминоз тудыруды мүмкіндігі.
Г) Басқа аурулар, әсіресе бактериальді дизентерия қоздырғыштарымен біріккен залалдануы және инфекциялық процесс ағымының ауырлауы
Д) Ағзаға иммунодепрессивті әсері.
16. Шистосомоздарда … шистосом түрлері этиологиялық агенттер болып табылады
А) Schistosoma haematobium.
Б) S.mansoni.
В) S.japonicum.
Г) S.intercalatum.
Д) барлық аталған түрлер.
17. Шистосомдардың өмірлік циклы қалай өтеді?
А) адам ішегіне немесе құық тіндеріне шистосома жұмыртқаларының енуі.
Б) мирацидийдің жұмыртқада және тіндерде дамуы.
В) моллюск ағзаларында қорытынды жетілуі.
Г) моллюск денесінен шығып, церкарийлердің құйрықты личинкаларының қалыптасуы
Д) қан айналымына түскен соң адам ағзасында шистосомалардың жетілуі. Жұмыртқалардың құықта, көктамырда салу.
18. Шистосомоз қоздырғышының негізгі көзі болып табылады:
А) ауру адам.
Б) ірі қара мал, шошқалар.
В) кеміргіштер.
Г) ит, мысық.
Д) барлық аталғандар.
19. Шистосомоз қоздырғышының берілу жолдары болып табылады:
А) Алиментарлы.
Б) Қатынастық.
В) Су арқылы.
Г) Трансмиссивті.
Д) барлық аталғандар.
20. Шистосомоздың қорытынды диагнозын дәлеледеу үшін пайдаланылады:
А) биопсия материалдарының микроскопиясы.
Б) Эндоскопия мен эндобиопсия.
В) Зәр мен нәжістің микроскопиясы.
Г) Серологиялық зерттеулер.
Д) Барлық аталған әдістер қолданылады.