Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Морфологиялық пәндер кафедрасы



бет3/3
Дата07.12.2022
өлшемі0,57 Mb.
#55715
түріПрезентация
1   2   3

VIII кіреберіс ұлулық нерв

Бет нервісінен ерекшеленген афференттік нерв. Оның құрамында есту және тепе теңдік (гравитация) мүшелерінен басталатын соматикалық сезгіш талшықтар бар.

Нерв екі бөліктен тұрады. Олардың функциялары әртүрлі: ішкі құлақтың лабиринттің (шытырманының) кіреберісі мен жарты шеңберлік өзектерінде орналасқан статикалық аппараттан импульс өткізгіш болып табылады, ал ұлуда орналасып, дыбыстық тітіркенуді қабылдайтын, кортиев мүшесінен дыбыстық импульстерді өткізеді.

ІХ тіл- жұтқыншақ нерв

Оның құрамында талшықтардың 3 түрі бар:

Сезгіш (афференттік), олар деңгейінде (жоғарғы) және одан іле шала төмен жатқан (төменгі) екі түйіннің, клеткаларының орталық өсінділері болып табылады да, миға сопақ мидың оливасының артынан кіріп, сезгіш ядроныңғ (VII және Х жұптармен ортақ ядро) клеткаларына импульс әкеледі..

Қозғағыш (афференттік) талшықтар қозғағыш ядроның, Х жұппен ортақ ядро клеткаларының аксондары болып табылады. Бұл ядро сопақша мидың тор тәрізді затында орналасқан.

Вегетативтік (секреторлық) талшықтар төменгі сілекей бөлгіш вегетативтік ядроның шашыраңқы клеткаларының аксондары болып табылады.

Х кезбе нерв

ХІ қосымша нерв

Эфференттік қозғағыш талшықтар сопақша мида және жұлында орналасқан екі қозғағыш ядролардың клеткаларының өсінділері (аксондары) болып табылады.

Ядроларға сәйкес нервте милық (церебральдық) және жұлындық (спинальдық) бөліктерді айырады..

Тіл асты нерві,ХІІ

Бұлшықеттеік нерв болып табылады. Оның құрамында сопақша мида орналасқан жалғыз соматикалық қозғағыш ядроның клеткаларының аксондары болып табылатын, эфференттік (қозғағыш) талшықтар өтеді. Бұл жерде нерв тіл асты тіл бұлшық етінің латеральды бетінде орналасып, жоғарғы жағынан Пироговтың үшбұрышын шектейді.

Алшынбай Рақышев “Анатомия”

  • Алшынбай Рақышев “Анатомия”
  • “Атлас Анатомия”

Пайдаланылған әдебиеттер:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет