ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк фармацевтика академиясы техникалық және орта кәсіби білім беру факультеті ДӘрігерлердің біліктілігін жетілдіру факультеті жанындағы колледждің стоматология кафедрасы «Тіс техникалық материалтану»


Бакелитті байланыстырушы материал



бет26/65
Дата16.06.2023
өлшемі192,7 Kb.
#101792
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   65
Байланысты:
МР-зуб.мат-СТОМ-2к-теория-КАЗ

Бакелитті байланыстырушы материал. Бұл материалдарды бакелит негізінде және әр түрлі желімді композициялармен қосып дайындайды. Бұл материал серпімді, соққыға төзімді, беткейі тегіс. Материалды наждакты және шынылы қағаздар дайындағанда қолданылады. Кемшілігі: түрпілік дәнекербір-бірімен байланысуы төмен болып табылады. Вулканитті байланыстырғыш материалды каучукты күкіртпен қоспасы негізінде дәнекерленіп, олардың құрамына түрпілік ұнтақтарды қосып дайындайды. Бұл байлам жоғарғы тығыздылыққа және серпімділікке ие. Вулканитті байлам негізінде дайындалған аспап тегістегіш қызмет атқарып қана қоймай, жалтыртқыш қызмет те атқарады.
Жалтыртқыш материалдар. Жалтырату процесі дегеніміз материалдың бетін анадай жалтырату мақсатында өңдеу. Жалтырату процесінде протез бетіне жалтыр бет қана беріп қоймай, протез материалының жұқа бір қабатын алып тастайды. Оны жалтырату үшін арнайы жалтыртқыш аспаптар және жалтыратқыш соқпалар қолданылады. Бұл сықпалардың құрамына түрпілік және байланыстырғыш материалдар енеді.
Жалтыратқыш түрпілік материалдарға жататындар:

  1. Хром тотығы крокустан берік, оны іші тот баспайтын болаттан дайындалған өнімдерді өңдеуге қолданылады.

  2. тттемір тотығы крокус, тек тот баспайтын болаттан дайындалған бұйымдарды өңдейді. Себебі бұйым кейіннен тотығуға ұшырауы мүмкін.

  3. Бор металл мен пластикті жалтыратқанда қолданылады.

  4. Қолайлы тотығы фарфорлы бұйымдарды жалтыратқанда қолданылады.

Жоғарыда көрсеткен жатыратқыш материалдан дөңгелектерге жататын сықпалар алынады. Олар ұсақ жалтыратқыш түрпілерден, беттік белсенді және байланыстырғыш заттардың қоспаларынан тұрады. Қазіргі кезде мемлекеттік оптикалық институтта шығарылған сықпа кеңінен қолданылады. Оның құрамына хром тотығы 74-81%, силикагель 2-18%, стеарин 10%, ыдыратылған май 5-10%, олейн қышқылы 2%, натрийдің гидрокарбонаты 0,2%, керосин 2% кіреді. Жалтырату прцесі тегістеу процесіне ұқсас, бірақжалтыратқыш аспаптарға жалтыратушы сықпа жағу арқылы жүргізеді. Жалтыратқыш аспаптар теріден, киізден, маталардан дайындалған дөңгелектер мен конустар, ал дөңгелек шеткалары қылдан немесе жіптерден жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет