8. Ұйымдастыру кезеңі------------------------------------------------------------------8 мин(6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. ------------21 мин(16%)
(тест, есептер, жазбаша жауап сұрақтары және т.б.)
Қалыптық материалдардың түрлері.
Қалыптық материалдың қолданылуы.
материалдардың жіктелуі.
Гипстің түрлері, қолданылуы
10. Жаңа сабақты түсіндіру.-----------------------------------------------------------60 мин(44%)
Пішіндеуші материалдар. Әр түрлі құймалар құйғанда, оның құйылу сапасы көптеген факторларға байланысты болады. Мысалы: металл мен құйманың қасиетіне, құюға арналған пішіннің дәлділігіне және пішіндердің қолдану технологиясының қасиетіне байланысты.
Пішіндеу процесі деп құюға арналған металдарға пішінін дайындауды айтады. Ал оларға материал болып пішіндеуші массалар қызмет атқарады.
Пішіндеуші массаның негізгі компонентіне отқа төзімді ұсақ дисперсті ұнтақ пен байланыстырғыш заттар жатады. Байланыстырғыш заттарына қарай пішіндеуші материалдар үш түрге бөлінеді:
Гипсті
Фосфатты
Силикатты
Сонымен бірге классикалық пішіндеуші материалдарға қосымша, арнайы пішіндеуші материалдар қолданылады: мәселенген силамин, кристасил, силуар, формасит, аурит, мольдин, сиалит, стомаформа.
Гипсті (сульфатты) пішіндеуші материалдар.
Бұл материалдардың негізгі компоненттері болып гипс және кремний тотығының кейбір түрлері жатады. Жұмыстүріне және гипстің қасиетіне, кремний тотығына байланысты қоспадағы гипстің құрамы 25-тен 45% дейін барады. Сонымен бірге гипс байланыстырушы қызмет атқарады. Кремний тотығы пішіндеуші массаға жылуға тұрақтылық, пішінді қыздыру кезінде массаның керекті мөлшерде кеңеюін қамтамасыз етеді және оның қопадағы құрамы 55-75% - ға дейін артады. Кремний тотығы үш кристалды модификацияда болуы мүмкін: өзара қайтымды кварц, тридимит және кристоболит. Әрбір модификация екі түрде болады: альфа және бета. Температура жоғарлағанда олар альфа түрінен бетіне түріне ауысады, бұл олардың көлемін ұлғайтып, құйманың шөгу көлемінің орнын толтырады.
Пішіндеуші қоспаның кеңею және байланысу жылдамдығын қалыптастыру үшін қоспаның құрамына 2%-ға дейін әр түрлі қосындылар қосады. Мысалы: натрий хлоры, бор қышқылы, натрий тартраты, натрий сульфаты т.б. мұндағы натрий сульфаты массаның байланысу уақытын және кеңеюкөлемін азайтады.
Гипстік пішіндеуші массалар қатаю кезінде 0,1-0,45% шамасында кеңейеді. Пішіннің термиялық кеңеюі құйманың құю уақытындағы шөгуінің орнын толтыруы тиіс. Пішіннің көлемі кеңеюі үшін пішіндік массаны термиялық тұрғыдан өңдейді. Егер пішіндеуші материал кварцтан болса, оны 7000С, ал егер кристоболит болса 4500С – ға дейін қыздырады. Сондай-ақ, пішіндеуші массаның термиялық кеңеюі көлемі, массаны араластырғандағы су мен ұнтақтың арақатынасына да байланысты болады. Егер масса қою араласса, онда термиялық кеңею көлемі үлкен болады. Пішінін құю прцесі біткен соң, бірінші термиялық кеңею көлемінен көп шөгеді. Бірақ, бұл кезде құйылған металдың көлеміне ешқандай өзгерістер болмайды. Себебі, пішіндік массаның әлсіз қабықшасы қатып қалған пішін ішіндегі металға әсер ете алмайды. Кристобоит пішіндеуші материалды 1,6%-ға дейін кеңейте алады. Сондай-ақ, дайындалған пішінін құю жүйесі арқылы пішінге қарай ағатын еріген металдың қысымына төтеп бере алатын беріктікке ие болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |