Қолданылуы: доғалы протез немесе металл негізге арналған штампталған доға дайындау үшін және ірі штамптарды құю үшін қолданылады.
Манукянның пішіндеуші массасы. Оның құрамына 87% електелген құм, 5 % чесовяр балшығы 8 % просянь балшығы кіреді. Қолданылуы: балауыз бөлшектерді құюдан бұрын қаптау үшін, қаптағыш материал ретінде қолданылады.
«Формалит» пішіндеуші массаны тот баспайтын болаттан дайындалатын доғалы протез бөлшектері құю үшін қолданады. Ол екі қабаттан пішіндеуші массадан тұрады. Бірінші қабат балауыз пішінге отқа төзімді жамылғы жасап қаптайды, құрамына шаңдатылған кварц және техникалық этилсилан кіреді. Екінші қабат кюветаны толтыру үшін қолданылатыг масса – пішіндеуші құманн және жербалшықты цементтерн тұрады.
Алтын және платина құймаларынан дайындалатын протезді құюға арналған пішіндеуші массалар.
Аурит – ол кристоболит ұнтағының гипс және оның қосындыларынан тұратын қоспа. Алтыннан дайындалатын бөлшектерді құю үшін қолданылады. Термиялық кеңею коэффициенті кемінде – 0,8 %, қысқан кездегі қаттылығы 24 сағаттан соң – 20 кг/см.
Сиолит 1992ж. шыққан. Бұл пішіндеуші масса, алнбайтын протездерді құю үшін қоданылады. Ол ұнтақ және сұйықтық күйде болады.
Силаур – алтын құймалардан дайындалған протез бөлшектерін құю үшін қолданылады.
Отқа төзімді мүсіндер дайындау үшін қолданылатын массалар. Соңғы жылдары металл құймаларынан отқа төзімді мүсіндерді құю кеңінен қолдана бастады. Мұндай әдісті мөлшерлерді өте қатты дәлділікті талап ететін күрделі конструкцияларды құюда қолданылады. Отқа төзімді мүсіндерді 1400-17000С температурааралынғында ыстыққа тұрақты, беріктілігі жоғары Бюгельит, Силамин, Кристасил-2 сияқты отқа төзімді массалардан жасайды. Бұл массалардың күйдіру кезіндегі термиялық кеңеюі хромкобальт және тағы басқа құймалардың күйдіру кезіндегі шөгу көлемінің орнына толтыруға мүмкіндігі бар.
Ортопедиялық стоматологияда пластмассамен және керамикамен жабылған толық құймалы металл қаңқалы протез, доғалы протездер кеңінен қолданыла бастады. Осыған байланысты протездерді құю мақсатында қолданылатын отқа төзімді масса протездердің тіүріне байланысты әр түрлі болады.
Осы мақсатта шет елдерде Дегувест, Ауровест Хивест т.б. түрлері қолданылады.
Бюгелит – хромкобальт құймасынан доғалы протезді құйғанда, отқа төзімді мүсін алу үшін, және гипсті мүсіннен көшірме алу үшін қолданылатын бірнеше массалардан тұратын пішіндеуші материал.