8. Ұйымдастыру кезеңі------------------------------------------------------------------5 мин(6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. ------------15 мин(16%)
(тест, есептер, жазбаша жауап сұрақтары және т.б.)
1. 2-ші клиникалық кезеңін үйрену.
2. Мүсінді балауызбен мүсіндеп параллелометриясын үйрену.
3. Доғалы протезде қолданылатын балауыздар.
10. Жаңа сабақты түсіндіру.-----------------------------------------------------------40 мин(44%)
Доғалы протез қаңқасын балауыздан мүсіндеу.
Доғалы протез каркасын мүсіндеудің алдында, гипсті мүсіннен отқа төзімді мүсінге оның барлық элементтерінің сызбасын ауыстыру керек. кламмердің тура болуына гипс мүсіндегі шектеулі сызықша сай келетін тірек тістердің бетіндегі теппешектер көмектеседі. Отқа төзімді мүсінге каркастың балауыз бөліктерін орнату алдында жақсы қыздырылған және мүсіннің барлық бетіне жақсы жабысатын бюгельді балауыздың жұқа бір қабатын жабады. Бұл мүсіннің беттіне балауыз композициясының жақсы жабысуына қол жеткізеді.Каркас элементтерін пішіндеу үшін силиконды материалдар бар. Қыздырылған балауызды таңдап алынған кламмер пішініне силиконды матрица құяды. Сонымен бірге кламмерді мүсіндеу үшін 0,8-1,0мм балауыз жіпшелерін қолданады.Тірек тістерде орналасқан кламмер бөлігі қалыңырақ. Ол тістің ретенциалды бөлігінде жұқа , домалақ болуы керек. Жоғарғы жақта доғаны ені 4-5 мм, төменгі жақта балауыз сызығымен мүсіндейді. Балауыз композициясының сыртқы беті тегіс жылтыр болу керек.
Протезді өңдеу: Металды щеткамен құюды тазалау, литниктерді ажырату. Абразивті дөңгелек машина арқылы терең емес жарылымдарды, кішкене қуыстарды, құю жүйесінің қалдықтарын алады.
Жасанды тістерді орнату. Мүсіннің тістер орналасатын жеріне балауыздың жұқа қабатын қойып , оған бюгельді протезді металл каркасын қондырады. Қосымша балауыздан білік қойып , тістерді орнтауға кіріседі. Тістерді бұрын тұрған тістердің анатомиялық пішініне қарап таңдайды, олар табиғи тістердің түсіне сәйкес келу керек. Тістерді орнатып , балауыздан базис мүсіндейді, оның биіктігі, бюгельді протезге ақау топографиясына және жақ тістерінің санына байланысты . Базисті мүсіндеп болған соң, мүсіннен шешіп жиектерін тегістейді.