8. Ұйымдастыру кезеңі------------------------------------------------------------------5 мин(6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. ------------15 мин(16%)
(тест, есептер, жазбаша жауап сұрақтары және т.б.)
1.Нея жүйесінің кламмері.
2. Мүсінге қойылатын талаптар.
3. Қалып алудың түрлері.
10. Жаңа сабақты түсіндіру.-----------------------------------------------------------40 мин(44%)
Әрбір алынбалы протездің өз құрылымдық ерекшеліктері бар.Ол ақаудың орналасуына және көлеміне, сақталынған тістер санына , олардың қатты ттіндеріне пародонттың жағдайына, протез орнын жауып жатқан шырышты қабат жағдайына, альвеолярлық өсіндінің сақталуына. Қатты таңдайдың жетілу деңгейіне және анатомиялық ерекшеліктеріне сәйкес анықталады. Оған үстап тұратын элементтерді яғни кламмерді және жасанды тістер базисін жатқызуға болады. Элементтерді ұстап тұратын базистен басқа доғалы протезде тағы бір доға және оның тармақтары болады.Доғалы протезді жасаудан алдын протездің құрылғысын жоспарлау жүргізіледі.
1. Протезді кіргізу және шығару жолдарын анықтау.
2.Тірек тістерде шолу сызығының анағұрлым ыңғайлы орналасуын және соған сәйкес кламмерлае орнын табу үшін мүсінге белгі қою.
3. Доғаның және протездің басқа элементтерінің таңдайда және төменгі жақтық альвеолярлық өсіндісіндегі орнын анықтау.
Мұның барлығы доғалы протез қаңқасының сызбасын жасауға мүмкіндік береді.Доғалы протез ершігінің шекарасын анықтайды, егер протездеу пластиналы протезбен жүргізілсе.
Онда оның базисінің шекарасын және кламмерді де анықтайды.
Доғалы протезді әзірлеу кезінде доғаның жоғарғы ,төменгі жақта орналасуына көңіл бөлінеді. Доға мен шырышты қабаттың арасында саңылаудың болуы қажет. Доғаның тығыз жатуында, әсіресе қатты таңдайда аз иілгіш шырышты қабаттың болуына байланысты шаралардың болуы мүмкін.Доғаның төмен тұруы тағам кесегінің жылжуына кедергі туғызады және жұту кезінде тілге кедергі жасайды. Төменгі жақта доғаның альвеолярлық өсіндінің шырышты қабатының едәуір көп тілге кедергі жасауы мүмкін.Оның төмен орналасуы тіл зақымдануына әкеп соқтырады. Протез тексерудің келесі сатысы кламмерді тексеру болып табылады. Кламмер әсіресе ұстап түратын протезді өңдеу кезінде иіліп кетуі мүмкін. Оларды түзету кезінде артық июдің қажеті жоқ, өйткені ол протез орнықтыруын қиындатады және тіс эмаліне артық қысым түсіреді. Протез тұрақсыздығының себептері анықталған жағдайда шешім шығару керек. Егер ол нәтиже бармесе протез негізін өзгерту керек немесе жаңа протез дайындығын бастау керек.