Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы



бет44/149
Дата13.10.2022
өлшемі1,66 Mb.
#42820
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   149
Ферменттерді бөліп алу. Тіндерде ферменттер өте аз мөлшерде кездеседі. Ферменттерді бөліп алу үшін әртүрлі әдістерді қолданады. Көптеген ферменттерді адам мен жануарлардың асқорыту сөлдерінен алады (ол ферменттердің концентратты сулы ерттіндісі). Тіндерді суықта ыдырату (ұсақтау, кварц, құмдарымен үйкелеу, гомогендеу) арқылы экстракциялап (спирт, тұзды ерітінді және т.б.) ферменттерді бөледі. Адсорбция (Данилевский) тәсілі, ионалмасу хроматографиясы, центрифугалау, электрофорез әдістерін кең қолданады.
Энзимологияның медициналық аспектілері.
Ағзалардың оның жасушаларының тіршілік етуі үшін ферменттер өте қажет. Мыңдаған биохимиялық реакциялардың қатаң түрде дұрыс жүруінің бұзылуы жасуша компоненттері мен қызметінің бұзылуына, ағзаның гомеостазының өзгеруіне әкеледі. Медицина үшін энзимоло­гияның ғылыми жетістіктерін ағзаның сау және патологиялық қалпын анықтау, диагностикада, терапияда қолданудың маңызы зор. Сондық­тан, қазіргі кезде, бұл медицинаның көптеген салаларында кең пайдаланылады және жақсы нәтижелер беруде.
Ферменттерді медицинада қолдану үш негізгі бағыттармен (энзимопатия, энзимодиагностика, энзимотерапия) айқындалады.
Энзимопатия — деп ферменттердің мүлде болмауы немесе оның белсенділігінің күрт төмендеуінің нәтижесінде ағзадағы өтетін метаболиттік процесстің бұзылуынан болған ағзадағы патологиялық қалыпты айтады. Энзимопатия туындау жолдарына байланысты екі үлкен топқа бөлінеді:
1. Тұқымқуалаушы энзимопатия, (бірінші ретті);
2. Жүре пайда болған, (екінші ретті).
Себебіне қарай тұқымқуалаушы энзимопатияны үш топқа бөледі:
а) ферменттердің біреуінің немесе бірнеше түрлері жетіспеушілігі;
б) ферменттердің бір немесе бірнеше топтарының жетіспеушілігі;
в) ферменттердің бір немес бірнешеуінің құрылысының өзгеруі нәтижесінде.
Мысалы, лактаза жетіспеушілігі гемолиттік анемия, гемофилияға әкеледі.
Жүре пайда болған энзимопатия — бұл ағзадағы белгілі бір мү­шенің патологиялық процессінің нәтижесінде пайда болған фермент жетіспеушілігі болып табылады. Олар үш топқа бөлінеді:
1. Токсикалық энзимопатия (уланудың нәтижесінде);
2. Алиментарлық энзимопатия;
3. Нейро-гуморальды энзимопатия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет