Патологиялық жағдайларда соңғы өнімдердің шығарылуы артуы мүмкін, мысалы, қантты емес диабет кезінде судың шығарылуы, подагра кезінде зәр қышқылы, рахит кезінде кальций мен фосфаттар және т.б. шығарылуының артуы кездеседі. Кей жағдайларда ағзада заттар алмасуының соңғы өнімдерінің тежелуі орын алады, олардың қандағы және тканьдердегі концентрациясы артады. Мысалы, нефрит кезінде зәрмен судың және құра-мында азот бар соңғы метаболиттердің(мочевина, зәр қышқылы, аммоний тұздар т.б.) шығарылуы азаяды, бұл ағзаның улануына, уремияға әкеліп соғады.
Метаболизмнің ерекшеліктері, оның жекеленген бөліктерінің жағдайы ағзаның физиологиялық статусын анықтайды, сондықтанда метаболизмнің кез-келген өзгерістері алғашында клеткалар мен мүшелердің қызметтерінің бұзылуын, ары қарай олардың құрылымының зақымдалуын тудырады. Метаболитикалық процесстердің бұзылуына дер кезінде диагностика жасау арқылы және оларға дұрыс коррекция жасау арқылы патологиялық процесстің қалыптасуының, аурудың дамуының алдын алуға болады. Заттар алмасуының жағдайын зерттеуді жеке алынған клеткада in vitro тәжірибелерінде, белгілі бір тканьнің клеткаларынан алынған субклеткалық фракцияларда жұргізуге болады. Немесе метаболизмнің жағдайын аралық және соңғы метаболиттері бойынша, олардың тұзілу немесе ыдырау жылдамдығын анықтау арқылы, адам ағзасының биологиялық суйықтықтарында – қанда, ликворда және зәрде олардың мөлшерін әртүрлі биохимиялық сараптау әдістерімен анықтауға болады.
Биохимиялық сараптамалардың толық интерпретациясы ұшін адам ағзасының негізгі гематологиялық көрсеткіштерін қатар анықтау қажет.
Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ олар жүргізетін зерттеулердің көлемі мен түрлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1566 Қаулысы
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 55-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған:
1) Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ереже;
2) зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері жүргізетін зерттеулердің көлемі мен түрлері бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.