Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов Қазақстан Республикасы



бет24/149
Дата13.10.2022
өлшемі1,66 Mb.
#42820
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   149
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1566 қаулысымен бекітілген

Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ереже

1. Жалпы ережелер


1. Осы Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымның және (немесе) денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан, зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейді.
2. Халыққа зертханалық диагностикалық көмекті зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын дербес денсаулық сақтау ұйымдары немесе ересектер мен балаларға амбулаториялық-емханалық, стационарлық немесе стационарды алмастыратын көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - Медициналық зертхана) көрсетеді.
3. Медициналық зертханалар:
1) осы қаулымен бекітілген зертханалық зерттеулердің негізгі түрлерін орындайтын жалпы үлгідегі зертханалар;
2) зертханалық зерттеулердің бір түрінің сериялық өндірісін орындайтын орталықтандырылған және/немесе мамандандырылған зертханалар;
3) экспресс-зертханалар;
4) өңірлік сараптамалық зертханалар;
5) Ұлттық референс-зертхана болып бөлінеді.
4. Медициналық зертхананың негізгі міндеттері:
1) ересектер мен балалардың арасында зертханалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
2) талдамалық дұрыстығы және диагностикалық құндылығы жоғары жаңа зерттеу әдістерін қолдану және кеңейту;
3) операциялық рәсімдердің алгоритмдерін әзірлеу;
4) қазіргі заманғы ақпараттық жүйелерді енгізу;
5) зертханалық жабдықтарды ұтымды пайдалану мен қазіргі заманғы технологияларды қолдану үшін зертханалық зерттеулерді орталықтандыру;
6) жоғары технологиялық әдістердің негізінде кереуеттегі диагностиканы дамыту;
7) білікті кадрларды даярлау, зертханалық диагностика саласындағы медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үдерісіне қатысу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет