Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы


D-димер деңгейінің артуына әкеледі



бет71/149
Дата13.10.2022
өлшемі1,66 Mb.
#42820
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   149
Байланысты:
Зертханалық-диагноcтика-Мейірбике-ісі

D-димер деңгейінің артуына әкеледі:

  • Артериальдық және тамырлық тромбтар

  • ДВС-синдром.

  • Инфекция, сепсис.

  • Кең көлемді гематомалар.

  • Бауыр аурулары.

  • Онкологиялық аурулар.

  • Хирургиялық араласулар.

  • Тромболитикалық терапия.

  • Жүктілік.

  • 80 жастан жоғары.

  • Қабыну.

Тұқымқуалаушылық гемофилия ауруы.
Гемофилия – геморрагиалық диатездердің классикалық түрінің біріне жатады, көне дәуірден белгілі ауру. Оның пайда болуы қандай да бір факторлардың – VIII, IX, XI тапшылығына негізделген.
Гемофилия – жыныспен байланысқан рецессивті тип бойынша берілетін, гендік ауруларға жатқызылады. VIII және IX факторлардың синтезіне жауапты ген, Х-хромосомада орналасқан, соның салдарынан бұл аурумен көбінесе ерлер ғана ауырады. Ал әйелдер тек гемофилиямен ауыратындармен некеде болса ғана ауруы мүмкін.
Гемофилия кезінде қан кетудің негізгі механизмі қан ұюдың ішкі механизмінің бұзылуы немесе VIII және IX факторлардың тапшылығынан немесе белсенденуінің жеткіліксіздігінің салдарынан болуы мүмкін
VIII фактордың жетіспеушілігіне байланысты ауруды, гемофилия А деп белгілейді, ал IX фактордың тапшылығын – гемофилия В. Гемофилия А-мен ауыратындардың жиілігі 85-90 %, ал гемофилия В – 10-15 % құрайды. Сондай –ақ гемофилия С түрі де белгілі, бұл XI фактордың тапшылығына байланысты, яғни ауру аутосомды-доминантты типі бойынша берілетіндер.
Клиникалық көрінісі қан ағу (жарақат алған кезде, ірі буындарда, бұлшықет ішілік гематомалар және т.б).



Әдебиеттер:
1. Камышников В.С. Справочник по клинико-биохимическим исследованиям к лабораторной диагностике; справ. Изд-2-е изд М,-2004г.
2. Егорова М.О. Биохимическое обследование в клинической практике: монография-М.: Практическая медицина, 2008г.
Қосымша:
1. Баркаган З.С. Основные методы лабораторной диагностики нарушений системы гемостаза. — М., 1999.
2. Долгов В.В., Луговская С.А., Морозова В.Т., Почтарь В.Е. Лабораторная диагностика анемий. — Тверь: "Губернская медицина", 2001.
3. Медицинская лабораторная диагностика (программы и алгоритмы) / под ред. А.И. Карпищенко — СПб.: Интемедика, 2001.
4. Медицинские лабораторные технологии / под ред. А.И. Карпищенко— СПб.: Интемедика, 1999.
5. Обеспечение качества лабораторных исследований. Преаналитический этап / под ред. Меньшикова В.В. — М.: "Лабинформ", 1999.
6. Клиническая иммунология и аллергология / под ред. Г. Лолора–мл., Т. Фишера. — М.: Практика, 2000.
7. Луговская С.А., Морозова В.Т., Почтарь В.Е. Лабораторная диагностика лейкозов. Учебное пособие. — Тверь: "Губернская медицина", 1999.
8. Энциклопедия клинических лабораторных тестов / под ред. Н. Тица — М.: "Лабинформ", 1997.

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы


Биохимия, биология және микробиология кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет