Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы



бет42/148
Дата23.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#75815
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   148
Байланысты:
Зертханалық-диагноcтика-Мейірбике-ісі

Ликворда зерттеу. Ликвордағы жалпы белок құрамының қалыпты көрсеткіші 150,0 - 450,0 мг/л құрайды.
Жұлынмиы сұйықтығындағы жалпы белок концентрациясының жоғарылауы байқалады:
бактериальдық менингитте –20 г/л дейін;
туберкулездық менингитте –5 г/л дейін;
вирустық менингитте –1 г/л дейін;
энцефалитте – 4 г/л дейін;
компрессиондық синдромда – 40 г/л дейін;
полирадикулитте –20 г/л дейін.
Зәрде зерттеу. Зәрді 24 сағат бойы жинайды (консервант ретінде тұз қышқылын пайдаланбайды). Зерттеуге 20 мл зәрді оның жалпы мөлшерінен алады. Қалыпты жағдайда зәрмен бірге жалпы белоктың экскрециясы 1,10 г/т аспайды (нақты түрде анықталмайды).
Зәрдегі белоктың құрамының артуы байқалады:
гломерулонефритте; нефротикалық синдромда;
жедел пиелонефритте;
көпшілік миеломада.
Қақырықта зерттеу. Қалыпты жағдайда қақырықтағы белок құрамы 1,4 – 6,4 г/л құрайды.
Синовиальдық сұйықтықта зерттеу (буынішілік). Қалыпты жағдайда мұндағы жалпы белоктың құрамы 22 г/л аз, СРБ синовиальдық сұйықтықтағы құрамы – 5 мг/л азды құрайды.
Ұрықмаңы суында зерттеу. Жүктіліктің 9-14 аптасында ұрықмаңы суында жалпы белоктың құрамы 7 г/л аз, 35-40 аптада 11 г/л құрайды.
Көкірек сүтінде зерттеу. Қалыпты жағдайда мұнда жалпы белоктың құрамы 7-20г/л құрайды.
4 дәріс
Тақырыбы: Энзимодиагностика
Мақсаты: Ферменттерді аналиттік агенттер ретінде және зертханалық диагностикада қолдану. Иммобилденген ферментер. Мүшелер мен тіндердегі ферментер құрамының ерекшеліктері. Аурулар кезіндегі ферментер белсенділігінің өзгеруі. Ауруларды диагностикалау мақсатында қан сарысуындағы ферменттерді анықтау. Тұқымқуалаушылық энзимопатиялар.
Ферменттерге кіріспе
Қазіргі кезеңде, басқа да ғылым салаларымен бірге қарқынды дамып келе жатқан өзінің зерттеулерінің қолданбалы нәтижелері және жетістіктері жердегі бүкіл тіршілік иелері үшін аса маңызды биохимия ілімінің бір бөлімі ферменттер болып табылады.
Ферменттердің тірі ағзаларда өтетін химиялық реакциялардың жү­ру барысын реттеп, белгілі бір тәртіппен өткізуі сол ағзаның тіршілік ету қабілетінің сақтауының, тұрақты болуының, ұрпақ жал­ғас­ты­ру­ының кепілі.
Қандай да бір реакциялардың жүру барысының өзгерісі міндетті түрде метаболиттік процесстердің өзгеруіне әкелетіні, сол себепті, ағзада зат алмасуының бұзылатыны күмән келтірмейді.
Ферменттерді медицинада пайдалану адам ағзасындағы әртүрлі патологиялық қалыптың (аурудың) пайда болу себептері мен дамуы механизмдерін (этиопатогенезді), (бұл — энзимодиагностика), емдеу жолдарының стратегиясы мен тактикасын құруды және емдеуді (бұл сол мақсатта ферменттерді дәрілік препарат ретінде пайдалану — энзимотерапия), емдеу барысының тиімділігін бақылау тәріздес аса ма­ңызды проблемаларды шешуге жоғары дәлдікпен көмектеседі. Сонымен бірге, аурудың диагностикасы үшін маңызды, қазіргі қоғамда дені сау ұрпақ жалғастыру үшін алдын-ала болжауға мүмкіндік беретін саланың бірі – энзимопатология – тұқымқуалаушы және жүре пайда болатын аурулардың себептері мен даму механизмдерін ай­қын­дап, адамның қоғамдық және жеке басындағы мәселелерді шешіп бере алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет