Қант диабетімен ауыратындардың анықтау нәтижесін бағалау: 6 % төмен-көмірсу алмасуының реттелуінде бұзылудың болмауы;
8-9 % - көмірсу алмасуының қанағаттанарлық реттелуі;
9-12 % - көмірсу алмасуының реттелуі нашар;
12% жоғары - көмірсу алмасуының реттелуі өте нашар.
HbAl концентрациясының жоғарылауы қант диабетінде байқалады (5,5-8 % - жақсы компенсирленген қант диабеті, 8-10 % - жеткілікті компенсирленген қант диабеті, 10-12 % - біршама компенсирленген қант диабеті, 12 % көп – компенсирленбеген қант диабеті).
HbAl концентрациясының төмендеуі анықталады: гемоглобиннің белсенді синтезінде;
қан жоғалтқаннан кейін эритропоэздің регенерациясында;
гемолизде.
МЕТГЕМОГЛОБИН (МtHb) Метгемоглобинде темір үшвалентті күйге дейін тотығады және ауа оттегімен байланысуға қабілетті емес (оны қан арнасына өткізеді). Оның концентрациясының 10-20 г/л дейін артуы айқын цианоз туындатады.
МtHb қандағы құрамының қалыпты көрсеткіші 0,6-2,4 г/л (9,3-37,2 мкмоль/л) немесе қандағы жалпы гемоглобин массасының 0,0078±0,0037 бөлігін құрайды.
Қандағы метгемоглобин құрамының жоғарылауы байқалады: тұқымқуалайтын туабіткен патологиялық жағдайларда (НАДН-редуктазаның, глутатионредуктазаның тапшылығында);
гемоглобин М ретінде белгіленетін, гемоглобиннің құрылымдық варианттарында.
Плазмада метгемоглобин құрамын зерттеу үшін тамырдан 4 мл қан алып, ЭДТА құйылған пробиркаға енгізеді, және зерттеуге зертханаға жеткізіледі.
Қандағы метгемоглобиннің қалыпты құрамы 1 % аз (2,4 г/л аз).
Қандағы метгемоглобин құрамының жоғарылауы улы метгемоглобинемия кезінде анықталады.
ЖАЛПЫ БЕЛОК Жалпы белок – қансарысуындағы (плазма) белоктардың жиынтығы. Денісау ересек адамдардың қан плазмасында жалпы белоктың құрамы 65-85 г/л құрайды. 6 жасқа дейінгі балалардың плазмасында жалпы белоктың деңгейі 56-85 г/л. Жалпы белоктың концентрациясының төмендеуі «гипопротеинемия» (гипо-аз, белок-протеин), жоғарылауы - «гиперпротеинемия» терминімен белгіленеді.
Жалпы белок құрамының өзгеруі абсолюттік те, сондай-ақ салыстырмалыда сипатқа тән (су тепе-теңдігінің бұзылу салдарынан).
Ескертпе! Концентрация дәрежесіне дененің жағдайы және физикалық белсенділік әсер етуі мүмкін. Денені горизонтальды жағдайдан вертикальды жағдайға өзгерткен кезде жалпы белоктың концентрациясы жуық шамамен 10 %-ға 30 минут аралықта артады, сондай-ақ белсенді физикалық жұмыс жалпы белоктың деңгейін 10%-ға дейін жоғарылауын туындатады. Қан алатын кезде тамырды қысқанда және «қолмен жұмыс жасағанда» қансарысуында жалпы белок концентрациясының артуына әкелуі мүмкін.