Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы


Энзимодиагностика тәсілдері екі түрлі аспектіге бөлінеді



бет46/148
Дата23.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#75815
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   148
Байланысты:
Зертханалық-диагноcтика-Мейірбике-ісі

Энзимодиагностика тәсілдері екі түрлі аспектіге бөлінеді:
1. Зертханалық диагностикада ферменттерді аналитикалық реагент ретінде пайдалану. Бұл жолдар арқылы глюкозаны, этанолды, зәр қышқылын және т.б. анықтауға болады. Анықтау кезінде иммобилденген ферменттерді (ферменттер ерітілген күйде болады) мембранамен байланысқан ферменттерді пайдаланады. Олар биохимиялық автомат­тардың құрам бөліктеріне жатады.
2. Биологиялық материалдардағы ферменттердің белсенділігін анықтау.
Энзимодиагностиканың теориялық негізіне ферменттердің ағзадан тысқары болғанда активтілігін тежеуі, субстраттық талғамдылық пен әсер ету талғамдылықтарының тежелуі жатқызылады. Жасушалардың әр­түрлі мүшелері, тіндері мен органеллалары ферменттік және изоферменттік спектрлерімен сипатталады. Сонымен бірге кейбір ауруларда фермент активтілігінің өзгерісінің патогенетикалық өзгеруі де байқалады.
Әртүрлі мүшелерге әртүрлі ферменттік құрамы тән болғандықтан, оларды, мүшеспецификалық ферменттер ретінде қарастыруға болады. Сондықтан, сол мүшелерге тән ферменттік өзгерісті анықтаған соң бір науқастың бауырының зақымдалғанын, ал келесі науқастың басқа бір мүшелерінің бұзылатынын анықтауға болады. Және бұл клиникалық белгілерінсіз ақ түсініксіз диагнозды анықтауға мүмкіндік береді.
Энзимодиагностика өте сезімтал және ауруды ерте анықтауға ықпал жасайтын ерекше әдіс. Биологиялық материал ретінде қан, несеп, сілекей, асқорыту сөлдері, пунктаттар, биоптаттар пайдаланылады.
Әртүрлі ауруларда фермент белсенділігінің өзгеруімен бірге, белгілі бір мүшеге жатпайтын ферменттің, зақымданған жасушалардан шығып, басқа тін мен мүшелерден табылуы байқалады. Қанның ферменттік спектрін зерттегенде келесі өзгерістер байқалған: 1) қанда қалыпты жағдайда тұрақты түрде кездесетін ферменттердің белсенділігінің тө­мендеуі және мөлшерінің көбеюі; 2) гистогематикалық кедергі өткіз­гіштігі бұзылуы себебінен сау ағзаның қанында кездеспейтін фер­менттің пайда болуы. Бауыр ауруларында қанда фруктозо-1-фос­фа­тальдолазаның, глюкозо-6-фосфатазаның, гистидазаның, уро­ки­на­за­ның концентрациясының жоғарлауы байқалады.
Жүрек ауруларының диагностикасы үшін қан сарысуында лактатдегидрогеназаны, глутамат-АлАТ-ты, глутамат-АсАТ-ты анықтау өте маңызды. Миокард инфарктісінде жасушалардың көп мөлшерінің өлуі себебінен және жасуша мембранасы бұзылуы себебінен жоғарыда атал­ған ферменттер қанға өтетіндігі белгілі болады.
Трансплантацияда, мүшелерді ауыстырып салғаннан кейін болатын ферменттік өзгерістер де белгілі. Егер, ағза өзіне салынған мүшені қабылдамаса γ-глутаминтрансфераза ферменті активтілігінің жоғар­лауы байқалады.
Энзимотерапия және коэнзимотерапия — ферменттерді, оның құрамдық бөліктерін белгілі бір ауруларға қарсы емдеу құралы ретінде қолданудың әдістері мен тәсілдері, механизмінің негізін қалайды. Қа­зіргі кезеңде көптеген ферменттер ауруға қарсы дәрілік препарат ретінде кең қолданылады. Мысалы, асқорытуды жақсарту үшін асқа­зан сөлі құрамындағы пепсиннің мөлшерлерінің төмендеуінен болатын асқазан ауруларында, фестал, мезим препараттарын емдеу үшін қол­данады (орынбасушы терапия әдісі). Ұйқы безінің жұмысының жетіс­пеушілігінде оның протеолиттік ферменттері трипсин, химотрипсин ферменттері және ұйқы безінің құрғатылған сөлі панкреатин (липаза, амилаза, трипсин ферменттері қоспасы), химопсиндерді (химотрипсин, трипсин қоспасы) емдеуде қолданады. Трипсин жараның бетінен трофикалық жаралардан өлген тіндерден тазарту мақсатында және күйгенде емдеу үшін, қою секреттерді, экссудаттарды қан ұйымаларын сұйылту үшін және ісікке қарсы препарат ретінде қолданады. Мүйізді ірі қаралардың ұйқы безінен бөлінген коллагеназа, рибонуклеаза ферменттік препараттары да ісікке қарсы қолданылады. Буын ауруларын емдеуде гиалуронидазаны (лидаза немесе ринидаза, препараты түрін­де), гиалурон қышқылының гидролизін үдететін, мүйізді ірі қараның ұрық безінен алынған ферментті қолданады.
Қан тамырларының тромбозын (бітелуін) емдеуде тромбаны ері­ту арқылы тромболиттік ферменттерді фибринолизин, тромболитин (трипсин мен гепарин комплексі) қолданылады.
Дезоксирибонуклеаза (ДНҚ-аза) (мүйізді ірі қараның ұйқы безінен бөлінген) деполимерлендіруге және іріңді сұйылтуға қабілетті және көздің вирустық ауруларын, коньюнктивитті емдеуде вирустық нуклеин қышқылдарының ыдырауын тездету үшін қолданады.
Аспарагиназа лейкоздың (ақ қан қатерлі ісігі) кейбір формаларын емдеуге қолданады. Аспарагин лейкоздық жасушада синтезделмейтін­діктен, оны қан сарысуынан алады. Сондықтан науқастың қанына аспарагиназаны қосқанда қан сарысуындағы аспарагин ыдырайды да лейкоз жасушасына қажетті аспарагин құрамды белок синтезделмейді, тоқталады, жасуша өледі.
Емдеу препараты ретінде кейбір коферменттер де кең қолданы­луда. Мысалы, пирожүзім қышқылын және α-кетоқышқылдардың тотығып декарбоксилденуі процессіне қатысатын коферменттер кокарбоксилаза (тиаминпирофосфат) және липой қышқылы көмірсулар алмасуын жақсартумен бірге бірнеше ауруларда (атеросклероз, бауыр зақымдалулары, ацидозда, қан айналысы жетіспеушілігінде) айқын эффект көрсетеді.
Қазіргі кезде витаминдер олардың коферменттік формалары да рибофлавин, рибофлавинмононуклеотид, никотинамид, кальций пантотенаты, пиридоксин, цианкобаламин препараттары түрінде ауруды емдеу үшін кең қолданылуда.

5 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет