Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы


Холестериннің биологиялық маңыздылығы



бет55/148
Дата23.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#75815
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   148
Байланысты:
Зертханалық-диагноcтика-Мейірбике-ісі

Холестериннің биологиялық маңыздылығы
Холестерин – өт қышқылдары мен стероидтық гормондарды, Д3 витаминін синтездеуші алғызат және барлық жасушалардың мембрана құрамына кіретін құрылымдық компоненті болып саналады. Холестерин ағзаға екі жол арқылы түседі ол: жануар тектес тағамдар арқылы немесе экзогенді холестерин, және бауырда синтезделетін немесе эндогенді холестерин. Бауырдан басқа холестериннің аз мөлшері ішек және тері жасушаларында синтезделуі мүмкін.
Ағзада холестерин қызметі жағынан әртүрлі екі фонд түзеді: бос холестериннің фондысы. Бұл ең үлкен фракция, оларға мембрана холестерині, қанның липопротеиндерінің фосфолипидтік моноқабаттық холестерині енеді; холестерин эфирлерінің фонды (толығымен гидрофобты және ағзада холестериннің қоры ретінде болады). Холестериннің бұл формасы жасуша цитозолінің липидтік тамшыларында және липопротеиндердің ядро қоспаларынан анықталған.
Адам ағзасында холестериннің жалпы мөлшері 140 гр құрайды, олардың ішінде 93 % тіндерде болады.
Халықтың 10%-тен астамы гиперхолестеринмен ауырады. Гиперхолестеринемия тамырлардың қабырғаларын қатерлі өзгерістерге әкелуі мүмкін. Қандағы холестерин мен ТГ мөлшері деңгейі липидтік алмасулардың маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Плазмадағы ХС концентрациясының жоғарылауы мен тәждік тамырлардың атрогендік зақымдалуының арасында тікелей тәуелділік болады.
Қалыпты жағдайда жалпы холестерин кең аралықта 3,6-6,7 ммоль/л (200 мг/дл-дан төмен) құрайды. Либерман-Бурхард реакциясы бойынша анықталған.
Жалпы холестериннің мөлшері – 3,0-6,2 ммоль/л; ұсынылатын мәндер – 5,2 -ден кіші; шекаралық мәндері-5,2-6,5; жоғары мәні-6,5ммоль/л-ден жоғары.
Жалпы холестериннің 5,2-6,5 ммоль/л диапазонында ТЖ ЛП-ХС мөлшерін зерттеу қажеттілігі ұсынылады. Науқастарды 2-4 апта диеттік және дәрілік терапияны тоқтатпастан емдейді; емдеуді 3 ай интервалы аралығында қайталап зерттейді.
Өт жолдарының тас ауруларының туындау механизмі
Өт тастарының түзілуіне ықпал етуші факторлар:
Жұқпалы аурулар. Микроағзалардың ферменттері коньюгирленген өт қышқылдарын, үлкен белсенді күйде болатын, белсенділігі аз коньюгирленбегендерге айналдырады, ол холестеринді нашар эмульгирлейді;
өт қабындағы өт қышқылдарының концентрациясы олардың синтезінің жылдамдығының төмендеуі нәтижесінде азаяды;
өт қышқылдарының энтерогепатикалық айналысының бұзылуында, мысалы, ішек ауруларының нәтижесінде.
Әдетте, өт қышқылдары өт пигменттері мен холестериннің қоспасынан және кальцийдің басқа заттардың қоспасынан тұрады; олардың түсі қара-қоңыр болады. Таза холестериндік тастар сирек кездеседі және тұт жемісінің пішініндей болады.
Тастардың өт қабынан өт жолы арқылы ішекке ауысуы «бауырлық шаншулар» түрінде – жазық бұлшықеттердің спазмалық жиырылуынан болатын қабырға асты күшті ауырсынумен байқалады. Егер тас өттің өт қабынан ағылуын бұзатын болса, онда механикалық (обтурациалық сарыару) дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет