Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы


Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру



бет25/73
Дата15.06.2023
өлшемі0,57 Mb.
#101640
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   73
Байланысты:
Пат. анатомия және физ УМК 2019ж

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 10 мин
Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап
күйінде тексеру.


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 14 мин
Қатерсіз және қатерлі ісіктер
Ісіктер клиника-морфологиялық ерекшеліктері тұрғысынан: 1) қатерсіз; 2) қатерлі; 3) өскен жерін зақымдайтын, яғни диструкциялы деп жіктеледі.
Қатерсіз, ягни жетілген ісік толысу деңгейі оні туындатқан тінді көбіне тап басып тануға мүмкіндік беретін жасушалардан құрылады (гомологиялық ісік). Олардың органтиптік және гистотиптік толысуы бұзылады. Ісіктін бұл түрі организмге өлім қатерін туғызбайды және, әдетте метастаз жаймайды. Қатерсіз ісік қаупі, оның дамыған жерінің организм үшін маңыздылығына байланысты болады. Мысалы, мидың қатты қабығының қатерсіз ісігі мен жұлынды қысып, ОЖЖ-ның қызметін зақымдап, туғызуы мүмкін. Қатерсіз ісікте, әдетте малигнизация (лат.malignum - қатерлі), яғни қатерлілену байқайлмайды.
Қатерлі, яғни жетілмеген ісік шамалы немесе мүлде толыспаған жасушалардан құрылып, өзі туындаған тінге (мүшеге) ұқсастығын жоғалтады (гетерологиялық ісік).
Қатерлі ісіктер, әдетте жиі қайталанып (рецидив), өскен жерін қатты зақымдап, зардабы бүкіл организмге ауыр болады.
Метастаздар гематогендік, лимфогендік, имплантациялық және аралас жолмен жайлады. Ісіктің рецидиві (кайталануы) - хирургиялық тәсілмен немесе сәулелік терапияны қолданып жойғаннан кейін, ісіктің сол жерде қайта пайда болуы. Ісік өзінін қалыптасқан аймағында, яғни ісіктік алаңда қалып қойған жекелеген жасушалардан өнеді. Кейде ісік бұрынғы түйінге жақын жерде орналасқан, операция жасағанда толык алынбаған лимфогендік метастаздардан да қайта туындайды.


Қатерсіз ісіктер
Ораганспецификасыз қатерсіз эпителийлік ісіктерге папиллома мен аденома жатады.
Папиллома (лат.papilla- бүр) - жайпақ және өтпелі эпителийден енетін ісік.
Папилломаның пішіні шар тәрізді, тіні қатты немесе жұмсақ, үсті бүрлі, көлемі тары немесе ірі бұршақтай болады. Ол терінің немесе кілегейлі қабықшаның үстінде жіңішке немесе жуан сабақ арқылы жалғасып жайғасады. Ісік қабаты қалыңдап кебейген жамылғылық эпителийден қүралады. Терінің папилломасы түрлі деңгейде касаңдануы мүмкін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет