8. Ұйымдастыру кезеңі: 4 мин
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 10 мин
Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап
күйінде тексеру.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 14 мин
Ісік, яғни жаңа өскін, бластома (грекше:blasto- бүршік, ескін) - жасушалар тоқтаусыз көбейтін патологиялық үдеріс. Ісікке айналған жасушаның өсуі мен толысуының (дифференцировка) бұзылуы гендік өзгерістермен байланысты.
Ісіктің дамымайтын тіні мен мүшесі жоқ және ол адам; ғана емес, көптеген жануарлар мен өсімдіктерде де кездеседі.
Ісіктің кұрылысы. Ісіктік жасушаның ерекшеліктері
Ісіктің сыртқы пішіні әр түрлі. Оның бітімі (формасы) түйін сияқты, сыңырауқұлаққа немесе гүл (түсті) капустаға ұқсас болуы мүмкін; ал үсті тегіс, бұдырлы немесе бүртікті болып келеді. Мүшенің үстінде немесе кілегейлі қабықшасында орналасқан (полип) ісіктің біразы сабақ арқылы жалғасады. Ісік қуыссыз мүшенің қабығына қарай өсе келе, оны бұзып, үстіңгі бетіне жайылып, кейде тамырларын жеп (аррозия), ішке қан кетіреді. Ісікте некроз дамып, үсті ойылып, жара жиі қалыптасады (рактық ойық жара).
Морфологиялық атипизм тіндік және жасушалық болады.
Тіндік атипизм орын алса, белгілі бір мүшеге тән тіндердің арақатынасы өзгеріп, яғни органотиптік және гистотиптік толысу бұзылады. Сөйтіп, ол эпителийлік кұрылымдардың бітімі мен келемінің, эпителийлік, әсіресе безді ісіктің паренхимасы мен стромасының арақатынасының бұзылғанын, мезенхимадан дамыған ісіктегі талышықты құрылымдардың (дәнекер тін, біріңғай салалы бұлшықет, т.б.) әртүрлілігін, олардың ретсіз, орналасқандығын бейнелейді. Тіндік атипизм қатерсіз, яғни жетілген ісікке тән.
Ісіктің өсуі. Ісіктің толысу дәрежесіне қарай, үш өсу түрі (жолы бар: экспансиялы, аппозициялы, инфильтрацияль (инфазиялы).
Достарыңызбен бөлісу: |