Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы


Этиологиясы мен даму механизмдері



бет29/73
Дата15.06.2023
өлшемі0,57 Mb.
#101640
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   73
Байланысты:
Пат. анатомия және физ УМК 2019ж

Этиологиясы мен даму механизмдері тұрғысынан патологиялық артериялық гиперемияның ангиневрозды (нейропараличтік), коллатеральдық, анемиядан кейін (постанемиялық), вакаттық, қабынулық, артерия-веналық жыланкөздегі түрлері ажратылады.
Ангионевроздық (нейропараличтік) гиперемия қан тамырын тарылтатын нерв тітіркенгенде немесе қан тамырын кеңітетін нервтің параличінен дамиды. Тері кілегейлі кабықшалар қызарып, шамалап ісінеді, жылиды тіпті қызады. Гиперемияның бұл түрі дененің иннервациясі бұзылған жерінде, симпатикалық жүйке жүйесіні түйіндерін зақымдайтын кейбір инфекциялық ауруларда беттің терісі мен кілегейлі қабықшасында байқалады. Ол әдетте тез әрі зардапсыз өтеді.
Коллатеральдық гиперемия қанның тромб немесе эмбол бітеген артерияның магистрал бағаны арқылы жүруі қиындағанда дамиды; ондайда қан ағысы коллатеральдық (айналма) қан тамырлар арқылы жүзеге асады. Өйткені коллатеральдардың саңылауы кеңіп, артериялық қанның ағысы үдеп, тінге келетін қанның мөлшері көбейеді.
Анеминдан кейінгі (постанемиялық) гиперемия артерияны қысып, тінге келетін қанды азайтқан себепті (ісік, куысқа жиналған сұйықтық, лигатура, т.б.) күрт жойған кезде дамиды. Ондайда бұрын қансыз қалған тамырға қан күрт толып, жыртып, қан кетеді, ал қанның ағысының бағыты кенеттен өзгерген басқа мүшелерде, мысалы мида қан азаяды. Сондықтан дене қуыстарындағы сұйықтықты шығару, ірі ісікті алу, жгутты шешу сияқты әрекеттерді баяу орындаған дұрыс.
Вакаттық гиперемия (латынша: vaccus - бос) барометрлік кысым төмендегенде дамиды. Оның жалпы түрі бар; ол мысалы, жоғары қысымды ортадағы сүңгуірді немесе кессондық жұмысшыны тым жылдам көтергенде байқалады. Ондайда гиперемияға газды эмболия қосарланып, қан тамырларында тромб қалыптасады, қанды дақтар пайда болады.
Қабынулық гипермия қабыну үдерісіне тән («Қабынуды» қара)
Артериялық -веналық жыланкөздегі гиперемия. Оқпен немесе басқа себептен жарақаттанғанда артерия мен вена саңылаулары қосылып ортақ саға түзссе, артериялық қан вена арқылы ағатын болады.
Әсері. Патологиялық артериялық гиперемияның әсері ең алдымен оның түріне байланысты. Мысалы, коллатеральдық гиперемия магистрал артериясы бітелген жерлерде қанмен қамтасыз етіп компенсациялық рөль атқарады. Қабынулық гиперемия - қорғаныс-бейімделулік мәні бар қабыну үдерісінің міндетті құрам бөлігі. Ал вакаттық гиперемия кессондық ауруға тән үдеріс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет