Миокард инфарктісі Миокард инфарктісі дегеніміз - жүректің бұлшықетті қабатының ишемиялық некрозы.Оның клиникалық бейнесіне электр- кардиографиялық өзгерістер және ферментемия тән. Ол, әдетте, қызыл кемерлі ишемиялық (ақ ) инфаркт болады.
Классификациясы мен патологиялық анатомиясы. Миокард инфарктісі: 1) қалыптасқан мерзіміне, 2) жүрек пен жүрек бұлшықетінде дамыған орнына, 3) қамтыған көлеміне және 4) даму барысына (ағымына) қарай жіктеледі.
Миокард инфарктісі дегеніміз- мерзімдік ұғым.Оның даму мерзімі ишемия басталған сәттен 8 аптаға созылса, алғашқы (первичный) инфаркт деп аталады.
Кардиомиопатиялар Кардиомиопатиялар (грекше: kardia – жүрек, myos – бұлшықет, pathos – ауру, кесел)- миокардтағы өзгерістер дистрофиядан басталатын сырқаттар тобы. Бұл топқа жүректің тамырлық сырқаттары мен ревматизмдік аурулардың қатысы жоқ (бейкоронарлық және бейревматиздік кардиомиопатиялар) жатады. Кардиомиопатиялардың этиологиясы мен патогенезі әртүрлі болғанмен, клиникалық бейнесі ұқсас. Олардың клиникалық бейнесінің негізі – миокардтың жиырылу қабілетінің (функциясының) жеткіліксіздігі, ал морфологиялық негізі – дистрофия.
Классификациясы. Кардиомпатиялар бірінші ретті (идиопатиялық) топқа және екінші ретте (салдарлық) топқа жіктеледі.
Бірінші ретті (идиопатиялық) Кардиомиопатиялар 1) гиперопатиялық (констрикциялық), 2) дилатациялық (конгестивтік) және 3) рестикциялық (эндомиокардтық фиброз) деп аталатын түрлері бар. Екінші ретті кардиомиопатияның дамуы: 1) улану (алкогольмен, этиленгликольмен, ауыр металдардың тұздарымен улану уремия, т.б), 2) инфекциялар (вирустық инфекциялар, сүзек, триопаносомоз – Шигас ауруы, трехеннеллез, т.б), 3) тұқымқуалайтын (тезаурисмоздар, амилоидоз бен гиалиноз) және жүре болатын заталмасулық аурулар (подогра, тиреотоксикоз, гиперпаратиреоз, авитаминоз, электролиттер мен стероидтар алмасуының бұзылуы), 4) асқорыту жүйесінің аурулары (сіңіру бұзылатын синдром, панкреатит, бауыр циррозы, т.б.) себеп болады.