Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы


Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру



бет47/73
Дата15.06.2023
өлшемі0,57 Mb.
#101640
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   73
Байланысты:
Пат. анатомия және физ УМК 2019ж

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 10 мин
Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап
күйінде тексеру.


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 14 мин

Тынысалу ағзаларының аурулары клиникалық және патоморфологиялық бейнесінің алуантүрлілігімен ерекше. Бұл жағдай тынысалу ағзаларында ауру дамыта алатын этиологиялық факторлардың көптігімен, науқастардың жас шамасымен және өкпе құрылысының өзіндік ерекшеліктерімен бйланысты. Тынысалу ағзаларының ауруларын көбіне биологиялық факторлар қоздырады; әсіресе бронхылар мен өкпеде қабыну (бронхит, трахеит, бронхиолит, пневмония) процестерін өрбітетін вирустар мен бактериялардың маңызы зор. Бронхылар мен өкпеде қабыну мен аллергиялық (бронхылық астма) және ісік (карсинома) процестерін химиялық және физикалық агенттер де дамытады. Бұл агенттер тыныс жолдары мен өкпеге ластанған ауа арқылы өтеді. Бронхылар мен өкпе сырқаттарының дамуына тұқымқуалайтын факторлар мен жас шамасына байланысты ерекшеліктердің де үлкен әсері бар.


Тынысалу ағзалары сырқаттарының даму барысы патогенді және ауруға қолайлы жағдай туғызатын факторлармен ғана сабақтас емес, тынысалу жүйесіндегі қорғаныстық бөгендердің жағдайына да байланысты. Олардың ішінде аэродинамикалық сүзгі (фильтр) мен жалпы және жергілікті қорғаныстың гуморальдық пен клеткалық механизмдері ерекше орын алады. Аэродинамикалық сүзгінің жұмысы бронхылардың тарамдарындағы кірпікшелі эпителий арқылы жүзеге асып, мукоцеллюлалық тасымалдау процесіне негізделеді.
Жедел бронхит
Жедел бронхит – бронхылардың жедел ағымды қабынуы; ол дербес сырқат та бола алады немесе бірқатар басқа аурулардың (мысалы, пневмониялық, созылмалы гломерулонефриттен туындаған бүйрек қызметі жеткіліксіздігінің) салдары ретінде де дамиды.
Этиологиясы мен патогенезі. Этиологиялық факторлардың ішінде респирациялық сырқаттарды өрістететін вирустар мен бактериялардың мәні зор. Физикалық (құрғақ және суық ауа) және химиялық (хлор, азотты тотықтар, күкіртті газ, т.б.) факторлардың, әртүрлі шаңдардың тынысалу жүйесіне кеселді әсері мол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет