Крупты пневмония Крупты пневмония –жедел ағымды инфекция—аллергиялық ауру; ол өкпенің бір немесе бірнеше бөлімін толық қамтиды (бөліктік, лабустық пневмония), альвеолаларға фибринді эксудат жиналып (фибринді немесе крупті, пневмония), плевраға да фибин шөгеді (плеврапневмония). Жақшада келтірілген атаулардың әрқайсысы осы аурудың әр ерекшелігіне сәйкес синонимдері. Крупты пневмония – дербес ауру; көбіне ересектер, кейде балаларда аурады.
Этиологиясы мен патогенезі. Оны пневмококтардың І,ІІ,ІІІ және IV типтері қоздырады. Оны кейде Фридлендер диплобацилласы дамытады.
Марфогенезі мен патологиялық анатомиясы. Жүз жылдан астам мерзімде қалыптасқан ұғым бойынша крупты пневмония өзінің даму барсында 4 кезеңнен өтеді: 1) қан толу кезеңі; 2) қызыл бауырлану (опеченения); 3) боз бауырлану және 4) аяқталу кезеңдері. Бұл кезең 9-11 тәулікті қамтиды.
Крупты пневмонияның асқыну зардаптары өкпеде және басқа да ағзаларда дамуы мүмкін.
Бронхпневмония деп- бронхитте немесе бронхиолиттен басталып, өкпеге жайылған қабыну процесі аталады (бронхальвеолит). Бронхпневмонияның морфологиялық негізі- ошақты қабыну. Бұл пневмонияның бірінші ретті (мысалы, вирустық респирациялық инфекцияларғ тән) және екіні ретті, салдарлық (басқа аурудың зардабы ретінде дамитын) түрлері бар (ХХ тәсімді қара).
Этиологиясы. Бұл аурудың этиологиясы алуан түрлі. Оны пневмакокк, стафилакокк, стрептакокктар, энтеробактериялар, вирустар, микоплазма мен саңырауқұлақтар сияқты микробтық агенттер дамытады. Пневмонияның клиникалық және морфологиялық ерекшеліктері қоздырғыушының сипатына байланысты. Бронхопневмония химиялық және физикалық әсерден де дамиды. Сондықтан оны уремиялық, шаң –тозаңдық, радияциялық пневмония деп жүктеугеде болады.
Бронхпнеовмониялық қабыну ошақтары, әдетте, өкпенің II,VI,VIII,IX,X сегметтерінде болады. Олар түрлі көлемді қатты, сұрғылт қызылдау болады. Ошақтың көлеміне қарай, бронхпневмония милиарлық (альвеолит), ацинустық, бөлікшелік, біріккен бөлікшелі, сегменттік және полисенменттік түрлерге бөлінеді. Альвеолаларға жиналған экссудатқа шырыш пен нейтрофильдер, макрофагтар мен эритроциттер сыдырылған альвеолалық эпителий араласады; кейде фибринде болады. Экссудат өкпеге біркелкі жайылмай, бір альвеолаларға көп, енді біреулеріне аз жиналады. Алвеолааралық пердеге клеткалар шоғырланады.