Хаттама № ____
«___»___________20____ж
Әдістемелік нұсқаманы жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырған: Кыякбаева К.И.
1. Сабақтың тақырыбы:Асқорыту ағзаларының аурулары: гастрит. Асқазан және ұлтабардың ойық жарасы.
2. Сағат саны: 45 мин.
3. Сабақ түрі: Тәжірибелік.
4. Сабақтың мақсаты: Оқыту: Тақырыпты білу патологиялық анатомия курсының жалпы және жеке бөлімдерін меңгеру үшін қажет. Тәжірибелік жұмысында клинико- анатомиялық талдау жасау үшін және материалдарды зерттеу негізінде клиникалық мәліметтерді бағалау үшін қажет.
Тәрбиелік:Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, адамгершілікке және олардың сыртқы көрінісі (халат пен колпак) талапқа сай болуы тиіс
Дамыту: Оқушылардың жан – жақты ойлану қабілетінің ой - өрісін дамыту,
сабақта алған білімін клиникалық жағдайлармен ұштастыра білуді үйрету.
Инновациялық технологияларды қолдана білуді үйрету.
5.Оқыту әдісі:Гистологиялық препараттарды зерттеу және суретін салу, макропрепараттарды суреттеу.
6. Материалды – техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық
құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, макро – микропрепараттар, плакаттар, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: кафедраның оқу бөлмелері, патанатомиялық мұражай.
7. Әдебиеттер: Негізгі: Қазақ тілінде: 1.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. 1-2 т. – Алматы, «Білім», 2008.
2.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. -Алматы , 2004.
Қосымша: орыс тілінде: 1. Струков А.И., Серов В.В. Патологическая анатомия. Учебник. – 1995
2.Аверьянов П.Ф. «Основы общей патологии». 2008.
3.Ремизов И.В. «Основы патологии». 2009.
4.Серов В.В., Пальцев М.А., Ганзен Т.Н. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии. –М., 1998.