Аденома (грекше: aden - без,oma - ісік) - призмалык эпителиймен астарланған мүшелердің кілегейлі қабышасының ісігі. Бітімі айқын шектелген түйін тәрізді, тіні жұмсақ, кескенде ақшыл қызғылт түсті, кейде кисталы болады. Аденоманың көлемі бірнеше миллиметрден ондаған сантиметрге дейін жетеді.
Қатерлі ісіктер Шала толысқан немесе толыспаған эпителийлік жасушалардан (түпкі немесе ізашар жасушалардан) дамитын қатерлі ісіктер рак деп аталады. Әдетте, рак -қатты немесе жұмсақ, айқын шектелмеген, кейде төңірегіндегі тінмен бірігіп кеткен түйінді құрылым. Оның кесіндісінің ақшылдау түсті бетінен рак шырыны деп аталатын ылайсаңдау қырынды сүйықтық алуға болады. Кілегейлік қабықшалар мен терінің рагы ойылып, жаралар өте ерте кезеңінде қалыптасады. Рактың микроскопиялық нысандары мынадай: «орнындағы рак» (сагсіпота іп зііи); қасаңды және қасаңсыз жайпақ жасушалы (эпидермалық); аденокарценома (безді); шырышты (коллоидты); тығыз (солидты, трабекулалы); ұсақ жасушалы; фиброзды (скирр); медуллалық (аденогендік).
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 15 мин
1. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру, талқылау
2. Тақырып бойынша макро және микро препараттармен жұмыс істеу
Макропрепарат:
А) «Жатыр обыры» макропрепараттың сипаттамасын жазу.
Б) «Аталық бездің цистаденомасы» макропрепараттың сипаттамасын жазу.
Микропрепарат:
А) «Тері папилломасы» препартаттың микроскопиялық зерттеуі
Б) «Сүт безінің фиброаденомасы». препартаттың микроскопиялық зерттеуі
3. Микро – препараттардың суретін сурет дәптерге салып, талқылау
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 5 мин
Оқушының жаңа тақырыпты меңгеру дәрежесін ауызша сұрау арқылы бағалау.
Сұрақтар
Сұрақтар. 1.Қатерлі ісіктердің анықтасын беріңіз.
2.Қатерлі және қатерсіз ісіктердің түрлерін атаңыз.
3.Ісіктердің соңы.
4.Ісіктерді жіктеу принциптері.