Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет28/73
Дата15.06.2023
өлшемі0,57 Mb.
#101640
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   73
Байланысты:
Пат. анатомия және физ УМК 2019ж

5.Оқыту әдісі: Гистологиялық препараттарды зерттеу және суретін салу, макропрепараттарды суреттеу.


6.Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық
құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, макро – микропрепараттар, плакаттар, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: кафедраның оқу бөлмелері, патанатомиялық мұражай.


7. Әдебиеттер:
Негізгі:
Қазақ тілінде:
1.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. 1-2 т. – Алматы, «Білім», 2008.
2.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. -Алматы , 2004.
Қосымша:
орыс тілінде:
1. Струков А.И., Серов В.В. Патологическая анатомия. Учебник. – 1995
2.Аверьянов П.Ф. «Основы общей патологии». 2008.
3.Ремизов И.В. «Основы патологии». 2009.
4.Серов В.В., Пальцев М.А., Ганзен Т.Н. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии. –М., 1998.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 10 мин

Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап


күйінде тексеру.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 14 мин
Қанайналымның бұзылуы
Қанайналымның бұзылуын 3 топқа бөлуге болады
1) қанның толу дәрежесі өзгеретін –толқындылық (артериялық, веналық) пен қаназдық.
2) қан тамырларының өткізгіштігі өзгеретін –қан кету (қан құйылу) мен пламаррагия (плазма ағу)
3) қанның ағысы мен сипатының, яғни реологиясыныңбузылуына негізделген стаз, сладжфеномен, тромбоз бен эмболия
Қанайналымының бұзылуының түрлері бір-бірімен патогенездік әрі себеп салдарлық қатынаста дамиды; мысалы, қан кету, плазмаррагия мен сулы ісіну (отек) толыққандылықпен, тромбоз бен эмболия қан аздықпен, ал тромбоздың өзі стаз бен веналық толыққандылықпен тығыз сабақтас.
Толыққандылық
Толыққандылық (гиперемия) артериялық және веналық түрлерге бөлінеді.
Артериялық толыққандылық.
Артериялық толыққандылық кезінде артериялық қанның келуі үдеп, мүше мен тінде қан молаяды. Қанайналымындағы қан немесе эритроциттер саны көбейсе, артериялық толыққандылықтың жалпы түрі дамып, тері мен шырышты қабықшалар қызарады. Дегенмен, артериялық толыққандылық әр түрлі себептерден дамып, көбінесе оның жергілікті түрі орын алады.
Толыққандылықты физикалық немесе химиялық факторлар әдеттегідей әсер еткенде, улғанда немесе қатты ашуланғанда (рефлекторлық гиперемия), мүшенің қызметі үдегенде (қызметтік гиперемия) дамитын физиологиялың артериялық гиперемияға және кеселді факторлардан дамитын –патологиялық артериялық гиперемияға белінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет