Қазақ тілінде:
1.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. 1-2 т. – Алматы, «Білім», 2008.
2.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. -Алматы , 2004.
Қосымша:
орыс тілінде:
1. Струков А.И., Серов В.В. Патологическая анатомия. Учебник. – 1995
2.Аверьянов П.Ф. «Основы общей патологии». 2008.
3.Ремизов И.В. «Основы патологии». 2009.
4.Серов В.В., Пальцев М.А., Ганзен Т.Н. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии. –М., 1998.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 10 мин
Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап
күйінде тексеру.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 14 мин
Созылмалы бронхит деп- ұзаққа созылып кеткен жедел бронхиттен (мысалы, қызылшадан немесе гриптен) немесе бронхылардың кілегейлі қабықшасына биологиялық, физикалық және химиялық факторлардың (микробтар, темекі, тыныс жолдарына салқын тию, шаң-тозаңдар сияқты заттардың) әсерінен бронхыларда туындаған созылмалы ағымды қабыну процесі аталады.
Бронхэктаздар
Бронхэктаздар – бронхылардың цилиндр тәрізденіп не қалталанып кеңеюі. Олар тума және жүре болады.
Тума бронхэктаздар бронхылардың тарамдары құрсақтағы нәрестеде дұрыс қалыптаспағандықтан дамып, сирек кездеседі (ӨСБС–тің 2-3%-ін қамтиды). Кейде ұсақ бронхылар өкпенің паренхимасында тұйық аяқталып, кисталар пайда болады (кисталы өкпе).
Бронхылық астма
Бронхылық астма (гр. Asthma-тұншығу) -аллергиялық жауаптың салдарынан бронхылық тарамдар арқылы ауаның кері шығуы (экспирация) қиындап, ұстамалы ентіаге дамитын сырқат.
Этиологиясы, патогенезі мен классификациясы. Бронхылық астма тұқымқуалайтыны күмәнсіз, бірақ оның басты себебі экзогендік аллергендер. Бронхылық астма ұстамасының қайталана беруіне түрткі болатын себептердің қатарына тыныс жолының жоғарғы бөлімінде дамитын инфекциялық сырқаттар, қоршаған орта мен ауаға араласқан заттардың (бөлмедегі, өнеркәсіптегі шаң-тозаңдар; түтін, әртүрлі иіс т.б.) әсерінен дамитын аллергиялық риносинуспатиялар, метеорологиялық (ылғал ауа, тұман) мен психогендік (психогендік тітіркендіргіштер) факторлар, әртүрлі тағамдар мен дәрілер жатады. Аталған себептердің қайсысының әсері басым болса, соған қарай, бронхылық астма инфекциялық, аллергиялық, кәсіби дамиын және т.б. түрлерге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |