9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 10 мин
Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ – жауап
күйінде тексеру.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 14 мин
Гастрит (гр.gaster –асқазан )-асқазанның кілегейлі қабықшасының қабынуы. Ол жедел және созылмалы ағымды болады.
Жедел гастрит Этиологиясы мен патогенезі.Жедел гастрит асқазанның кілегейлі қабықшасына ерекше тітіркендіргіштер әсер еткенде дамиды. Ондай тітіркендіргіштер қатарына шамадан артық ішілген ас, қорытылуы қиын, суық немесе тым ыстық тағамдар, алкогольді ішімдіктер, салицилаттар, сульфаниламиндер, кортикостероидтар, биомицин, дагиталис сияқты дәрі-дәрмектер, бірқатар кәсіптік зиянды химиялық заттар жатады. Микробтар (стафилакокк, сальмонела) мен олардың токсиндерінің заталмасу процесі өзгергенде түзілетін өсімдердің рөлі де айтарлықтай. Кейде алкоголь, сапасы нашар тағамдар сияқты кеселді себептер асқазанның кілегейлі қабықшасына әсер етіп, экзогендік гастрит дамытса, енді бірде зиянды әсер тамырлар мен нерв және гуморальдық жүйелер, иммундық механизмдер арқылы, яғни жанама жолмен жүзеге асып, эндогендік гастрит туындайды. Көбіне эндогендік гастриттер тобының инфекциялық гемотогенді, уремиялық элиминациялы, аллергияның және іркілулік түрлері байқалады.
Асқазан кілегейлі қабықшасының морфологиялық бейнесіне қарай, жедел ағымды гастрит: 1) қатарлы (жай); 2) фибринді; 3)іріңді (флегмоналы); 4) некрозды (корроззиялы) түрлерге жіктеледі.
Созылмалы гастрит Созылмалы гастриттің бірқатары қайталамалы жедел гастриттен өрбісе, көбі онымен байланысты емес.
Этиологиясы. Созылмалы гастрит көбінесе асқазанның кілегейлі қабықшасына энзогендік факторлар әсер еткендіктен дамиды. Бұл факторлар тобына мезгілсіз әрі ретсіз тамақтану, алкогольге құнығу, ыстық- суықтың, химиялық және механикалық агенттердің кәсіптік зиянды және де басқа заттардың әсері жатады. Аутоинфекция (Campylobacter pyloridis), созылмалы аутоинтоксикация, нейроэндокриндік өзгерістер.