Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет59/73
Дата15.06.2023
өлшемі0,57 Mb.
#101640
түріСабақ
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   73
Байланысты:
Пат. анатомия және физ УМК 2019ж

Патологиялық анатомиясы. Жедел және созылмалы гепатиттің патологиялық анатомиясында айырмашылық бар.
Этиологиясы мен патогенезі. Гепатит дербес ауру, яғни бірінші ретті гепатит ретінде көбіне гепатотропты вирустың (вирустық гепатит), алкогольдің (алкогольдік гепатит) немесе дәрі-дәрмектердің (медикаменттік –дәрі-дәрмектік гепатит) әсерінен дамиды. Холестаздық гепатитке көбіне клеткадан тысқары (внеклеточный) холестаз бен бауырастылық сарғаю өрбітетін факторлар, кейде дәрі-дәрмектерді (метилтесторон, финотязин туындарының, т.б) әсер себеп болады. Дербес гепотиттердің ішінде ең маңыздары-вирустық және алкогольдык гепотит.
Алкогольдык гепотит.
Алкагольдік гепотит-алкогольдің буырға уытты әсерінен дамитын сырқат; ол жедел және созылмалы ағым болады.
Этиологиясы мен потогенозі. Алкаголь (этанол)-депатоциттерге тікелей уытты әсері бару; ол белгілі мөлшерден асса, бауыр клеткаларын жояды. Этанол зақымда бауырдың клеткаларына (майлы гепатоз, созылмалы гипотит, цирроз кезінде) тезірек және ауырлау әсер етеді. Жедел алкагольдік гепотит қайталана берсе, созылмалы үздіксіз гипотитке ұласады, егер алкагольді ішу мүлде тоқтатылса, оны ағымы қатерсіз бейне алады. Алкагольді ішу одан әрі созылса, қайтамалы жедел алкогольдік гепотит созылмалы үздіксіз гепотитке айналып , кейн порталық цирозға жалғасады.
Бауыр циррозы.
Бауыр циррозы-созылмалы ағымды сырқат; бауыр тыртықтанып, бурісіп, қалыпты құрылысынан тайып, сиықсызданады, біртіндеп қызметінің жеткіліксіздігі байқалады. «Бауыр циррозы» деген атауды 1819жылы Р.Лаэннек ұсынған. Бұлай атағанда ол бауырың морофологиялық бейнесін, яғни оның қатты бұдырлы сарғыш түсін ескерген-ді (гр. Kirrhos-жирен, сарғыш).
Этиологиясы. Даму себептеріне сәйкес церроз: 1) инфекциялық(вирустық гепатит, бауырдың паразит сырқаттары); 2) уытты әсерлік және уытты әсерлі – аллергиялық (алкоголь, өнеркәсіп пен тағамдық улар, дәрі-дәрмектер, аллергия); 3) билярлық (холангит, әртекті холестаз); 4) заталмасу – алиментарлық (белоктар, витаминдер, липотроптық факторлардың жеткіліксіздігі); 5) циркуляциялық (вена қанының бауырға ұзақ іркілуі) түрлерге жіктеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет