Ойық жаралы ауру Ойық жаралы ауру – негізгі клеткалық және морфологиялық бейнесі асқазан мен ұлтабардағы қайталамалы ойық жара болып табылатын циклді (кезеңді ) созылмалы ағымды сырқат. Бұл ауру ойық жараның қалыптасқан жері мен патогенизмінің ерекшеліктеріне қарай пилорус – дуоденум аймағын және асқазан денесінің ойық жаралы ауруы деп жіктеледі. Дегенмен, аурудың бұл екі түрі бірге дамуы да мүмкін.
Асқазан мен ұлтабардың ойық жаралы ауруын бейнелейтін ойық жарадан басқа, өзге ағзалар ауруының бір көрінісі ғана болып табылатын симптомдық ойық жарлар тобы да бар.
Этиологиясы.Ойық жараның себептерінің ішінде стресті жағдайлар мен психоэмоциялық зорығу басты орын алады. Осы факторлардың әсерінен ми қыртысының жұмысы бұзылып,асқазан – ұлтабар жүйесінің секрет түзетін қызметі мен моторикасы дұрыс үйлестірілмей қалады да, кортико- висцералдық өзгерістерге себеп болады. Зақымдалған ағзалардан келген келесді импульстің әсерінен де ми қыртысының үйлестіру қызметі тап осылай бұзылып висцеро –кортикалық өзгерістер туындатады.
Патологиялық анатомиясы. Ойық жаралы аурудың морфологиялық негізі - созылмалы қайталамалы ойық жара. Ойық жара өзінің қалыптасуы барысында эрозия мен жедел ойық жара сатыларынан өтеді. Сондықтан эрозияны, жедел және созылмалы ойық жараларды ойық жаралы ауруды морфогенездік кезеңдері деп есептеуге әбден болады. Кезеңділік әсіресе асқазанның ойық жаралы ауруында айқын көрініс береді.
Жедел ойық жара, әдетте, қарынның кіші иілімінде, антрум мен пилорус бөлімдерінде қалыптасады. Бұның себебі аталған бөлімдердің құрылым- қызметтік ерекшеліктерінде. Кіші иілім «ас жолы» болып табылады, сондықтан ол оңай жарақаттанады. Сонымен қатар, бұл бөлімнің кілегейлі қабықшасының бездері бөліп шығатын асқазан сөлі жоғары әсерлі, оның үстіне бұл жердің кілегей қабықшасының қатпарлары тығыздау,сондықтан жараның беті бұлшықетті қабат жиырылған кезде де жабылмайды.
Созылмалы ойық жара көбінесе бір-бірден, анда –санда ғана бірнешеуден қалыптасады. Оның пішіні сопақтау немесе дөңгелек (ulcus rotundum), диаметрі бірнеше миллиметрден 5-6см дейін. Жара асқазан қабаттарын түрлі тереңдікте қамтып, кейде қарынның сірлі қабатына дейін жетеді. Түбі тегіс,кейде кедір-бұдыр. Жиектері сүйелденген, тығыз әрі буылтықтанып, көтеріңкі келеді (каллезді ойық жара лат:callus –сүйел). Ойық жараның өңеш жақтығы жиегі ұңғаланып, кілегейлі қабықша ол жақта ақауға қарай төніп тұрады да, пилорус жақтығы жиегі баспалдақ тәрізді сатылы болып, жайпақтау келеді.
Бауыр, ұйқы безі мен өтжолдарының қызметі мен топографиялық анатомиясы сабақтас болғандықтан, көбіне бұл ағзаларда дамитын аурулардың патогенезі де өзара тығыз байланысты болатыны түсінікті. Олардың мән-мазмұны мен патогенезін дұрыс ұғынып, айқындау жолдарын жетілдіру үшін биопсия тәсілінің маңызы зор. Көбіне биоптат бауырдан алады.
Бауыр аурулары. Бауыр аурулары алуан түрлі. Олардың тұқымқуалайтын және жүре пайда болатын бірінші ретті (бауырдың өзіндік аурулары ) және екінші ретті (бауыр басқа аурулардан зақымдалатын) түрлері бар.
Бауырдың сырқаттарын көбінесе инфекциялар [эпидемиялы гепатит, жедел ағымды сары қалтырау (лихорадка), лептоспироз, описторхиз, сүзек және т.б.], эндогендік (уремия, тиреотоксикоз) және экзогендік (гепатотропты улар, алкоголь, улы тағамдар) улардың әсері дамытады. Қанайналымның (шок, қанның созылмалы іркілуі), тағамның (белок және витамин жетпеуі) мен заталмасу процесінің дұрыс болмауының (заталмасулық сырқаттары) да маңызы зор.
Гепатит Гепатит – баурыдың қабынуы; оның даму барысында бауырдың паренхимасында дистрофия мен некробиоз өрістеп, стромасына қабыну процесіне тәе клеткалар шоғырланады. Гепатит бірден бауырда басталып, бірінші ретті немесе басқа ауруың көрінісі ретінде байқалып,екінші реттік (салдарлық) түрде дамиды. Гепатит жедел не созылмалы ағымды болады.