Пән: «Патологиялық анатомия және физиология»
Тақырыбы: Әйелдің жыныстық сферасының және сүт безінің аурулары.
Мамандығы: 0301000 Емдеу ісі «Фельдшер»; «Акушер»
Курс: 2,3
___________ЦӘК отырысында қаралды
Хаттама № ____
«___»___________20____ж
Әдістемелік нұсқаманы жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырған: Кыякбаева К.И.
1. Сабақтың тақырыбы:Әйелдің жыныстық сферасының және сүт безінің аурулары.
2. Сағат саны: 90 мин.
3. Сабақ түрі: Тәжірибелік.
4. Сабақтың мақсаты:
Оқыту: Тақырыпты білу клиникалық кафедраларда әйел жыныс ағзасының ауруларын түсіну үшін қажет. Тәжірибелік жұмысында секционды бақылау және жатырдың биопсиясын клинико- анатомиялық талдау жасау үшін қажет.
Тәрбиелік:Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, адамгершілікке және олардың сыртқы көрінісі (халат пен колпак) талапқа сай болуы тиіс
Дамыту: Оқушылардың жан – жақты ойлану қабілетінің ой - өрісін дамыту,
сабақта алған білімін клиникалық жағдайлармен ұштастыра білуді үйрету.
Инновациялық технологияларды қолдана білуді үйрету.
5. Оқыту әдісі:Гистологиялық препараттарды зерттеу және суретін салу, макропрепараттарды суреттеу.
6. Материалды – техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық
құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, макро – микропрепараттар, плакаттар, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: кафедраның оқу бөлмелері, патанатомиялық мұражай.
7. Әдебиеттер: Негізгі: Қазақ тілінде: 1.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. 1-2 т. – Алматы, «Білім», 2008.
2.Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. -Алматы , 2004.