Пән: «Патологиялық анатомия және физиология»
Тақырыбы: Бүйрек аурулары: Қазіргі кезеңдегі клинико – морфологиялық жіктелуі. Тубулопатиялар. Пиелонефрит: Біріншілікті және екіншілікті, жіті және созылмалы пиелонефрит. Жіті гломерунефрит, созылмалы гломерулонефрит.
Мамандығы: 0301000 Емдеу ісі «Фельдшер»; «Акушер»
Курс: 2,3
___________ЦӘК отырысында қаралды
Хаттама № ____
«___»___________20____ж
Әдістемелік нұсқаманы жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырған: Кыякбаева К.И.
1. Сабақтың тақырыбы:Бүйрек аурулары: Қазіргі кезеңдегі клинико – морфологиялық жіктелуі. Тубулопатиялар. Пиелонефрит: Біріншілікті және екіншілікті, жіті және созылмалы пиелонефрит. Жіті гломерунефрит, созылмалы гломерулонефрит.
2. Сағат саны: 90 мин.
3. Сабақ түрі: Тәжірибелік.
4. Сабақтың мақсаты:
Оқыту: Тақырыпты білу клиникалық кафедраларда бүйрек ауруларын түсіну үшін қажет. Тәжірибелік жұмысында секционды бақылау және бүйрек биопсиясын клинико- анатомиялық талдау жасау үшін қажет.
Тәрбиелік:Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, адамгершілікке және олардың сыртқы көрінісі (халат пен колпак) талапқа сай болуы тиіс
Дамыту: Оқушылардың жан – жақты ойлану қабілетінің ой - өрісін дамыту,
сабақта алған білімін клиникалық жағдайлармен ұштастыра білуді үйрету.
Инновациялық технологияларды қолдана білуді үйрету.
5. Оқыту әдісі:Гистологиялық препараттарды зерттеу және суретін салу, макропрепараттарды суреттеу.
6. Материалды – техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық
құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, макро – микропрепараттар, плакаттар, тест тапсырмалары.
б) оқыту орны: кафедраның оқу бөлмелері, патанатомиялық мұражай.