Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы


Бірінші ретті гломерулонефриттің этиологиясы



бет63/73
Дата15.06.2023
өлшемі0,57 Mb.
#101640
түріСабақ
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   73
Байланысты:
Пат. анатомия және физ УМК 2019ж

Бірінші ретті гломерулонефриттің этиологиясы . Бірде гломерулонефрит инфекцияның әсерінен дамыса (бактериялық гломерулонефрит) енді бірде инфекцияның әсері мүлде байқалмайды[абактериялық (бактериясыз) гломерулонефрит].
Гломерулонефритті қыздыратын бактериялардың ішінде басты орында β-гемолизді стрептококк (оның нефрит дамытатын түрлері) алады.
Жедел гломерулонефрит көбіне стрептакоктың әсерінен дамиды, сондықтан стрептококтық (бактериялық) гломерулонефрит депте аталады, оның патогенезі қанайналымындағы иммунды кешендердің әсеріне негізделген (иммунды кешендік гломерулонефрит). Әдетте, 10-12 айға созылады.
Жеделдеу гломерулонефриттің дамуына қан айналымындағы иммунды кешшендер мен антиденелердің бүйрек шумақтарына тікелей әсері себеп болады, ол өте жылдам дамып, тез арада бүйрек қызметінің жеткіліксіздігіне ұшыратады,сондықтан оны өте өршімелі гломерулонефрит немесе қатерлі гломерулонефрит депте атайды.
Созылмалы гломерулонефрит латентті (білінбей) не рацидивті (қайталамалы) түрде дамитын дербес сырқат; кейде бірнеше жылға созылып, бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігіне ұшыратады. Оның даму себебі көбіне белгісіз, бірақ даму механизмі терең зерттелген: 80-90 %- ы қанайналымындағы иммунды кешендердің әсерімен тығыз байланысты. Созылмалы гломерулонефриттің екі негізгі морофологиялық түрі бар: мезангилық және фибропластикалы.
Пиелонефрит
Пиелонефрит- инфекциялық сырқат;процесс бүйректің аралық тканін басымырақ зақымдап, оның түбегін, астаушаларын, басқа да тканьдерін қамтиды. Сондықтан да пиелонефрит интерстицийлік (аралық) нефриттер тобына жатады. Ол бір немесе екі бүйректіде зақымдауы мүмкін.
Клиника-морфологиялық тұрғыдан, пиелонефрит жедел және созылмалы ағымды. Созылмалы пиелонефрит көбіесе қайталамалы жедел ағымды пиелонефриттен туындайды.
Этиолоиясы мен патогенезі. Пиелонефрит - инфекциялық сырқат.Оны әртүрлі бактериялар (ішек таяқшасы, интерекокк стрептакокк, стафилакокк, протей, т.б.), әдетте ішек таяқшасы дамытады.
Патологиялық анатомиясы. Жедел және созылмалы ағымды пиелонефрит морфологиялық бейнесінде айырмашылық бар.
Жедел пиелонефрит меңдеген кезде бүйректің толыққанды түбектері мен астаушаларын лейкоциттер жайлайды,кілегейлі қабықшасында некрозды ошақтар пайда болады. Өзекшелердің эпителиін дистрофия шарпып, саңлауын сыдырылған эпителиден түзілген цилиндрлер мен лейкоциттер бітейді. Процесс ошақты не диффузды түрде дамиды.
Созылмалы пиелонефрит кезінде әртүрлі өзгерістер орын алады: әдетте, склероз бен экссудациялы –некрозды процесстер қабат дамиды. Түбектер мен астаушаларға лимфоциттер мен плазмоциттер жиналып, склероз өрістейді, кілегейлі қабықшада полиптер қалыптасып, өтпелі эпителий көп қабатты жалпақ эпителийге айналады (метаплазия). Бүйректің тканьінде созылмалы аралық қабыну дамып, дәнекер ткань көбейеді, іріңдіктер қабықпен жіктеледі, іріңді үлексені макрофагтар сіңіріп, жояды. Дистрофия шарпыған өзекшелер семеді. Зақымдалған өзекшелер кеңейіп, эпителиі аласарады, саңылауына коллоид тәрізді қойыртпақ зат жиналып, бүйректің жалпы құрылысы қалқанша безге ұқсайды («қалқанша без тәрізді бүйрек») әдетте, перикломерулалық және экстракапиллярлық гломерулосклироз байқалады. Артериялар мен веналардың іргесі де шорланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет