ОњТЏстік ќазаќстан мемлекеттік медицина академиясы



бет55/98
Дата25.09.2024
өлшемі3,32 Mb.
#145703
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   98
Байланысты:
ППЗ методичка физика каз (1)

Спектрлік анализ – спектрі бойынша объектінің химиялық құрамын, температурасын, қысымын, қозғалыс жылдамдығын, магнит индукциясын анықтайтын әдіс. Спекрлік анализдің жәрдемімен көптеген жаңа элементтер ашылды: рубидий, цезий, т.б. элементтердің аталуы көбінесе спектрдегі ең жиі сызықтың түсіне байланысты. Дәл осы спектрлік анализдің жәрдемімен Күн мен жұлдыздардың химиялық құрамын білдік. Жұлдыздар Жерде бар химиялық элементтерден құралады екен. Күннің беті – фотосфера үздіксіз спектр береді.
Толқын ұзындығы ультракүлгін толқындарынан қысқа электромагниттік толқындар рентген сәулелері (10-9–10-10м) деп аталады (Вильгельм Рентген, 1895, неміс физигі). Бұл сәулелердің өтімділік қабілеті өте жоғары болғандықтан, медицинада және кристаллдар мен өте күрделі органикалық қосылыстардың құрылысын зерттеуде қолданады. Рентген сәулелерінің жұтылу дәрежесі заттың тығыздығына пропорциональ сондықтан рентген сәулелерінің жәрдемімен адамның ішкі ағзаларының фотографиясын алуға болады. Медицинада олар аурудың диагнозын дұрыс қою үшін, сондай – ақ рак ауруын емдеу үшін қолданылады.
Рентген сәулелерінің қолданылатын жерлерінің ішіне рентгендік дефектоскопияны – құймалардағы ақауларды, рельстердегі сызаттарды табу, пісірілген жіктердің сапасын анықтау т.б. әдісін айта кетуге болады.
Электромагниттік толқындар шкаласы ұзын радиотолқындардан бастап, гамма – сәулелерге дейін (10-3- 10-10м) қамтиды.
Атом жарық шығару үшін, сырттан энегия алуы қажет. Сәуле шығарудың ең қарапайым және көп тараған түрі жылулық сәуле шығару, мұнда жарық шығаруға жұмсалған атом энергиясы сәуле шығарушы дене атомдарының (немесе молекулаларының) жылулық қозғалысының энергиясы есебінен компенсацияланады. Неғұлым дененің температурасы жоғары болса, атомдар соғұрлым жылдам қозғалады.
Шапшаң атомдар бір - бірімен соқтығысқанда, олардың кинетикалық энергиясының бір бөлігі атомдарының қозу энергиясына айналады, ал бұлар содан кейін жарық шығарады.
Күннің сәуле шығаруы – бұл жылулық сәуле шығару. Кәдімгі қыздыру шамдары да жарықтың жылу көзі болып табылады.
Сәуле шығарудың жылулық (Күн, шам, от) және люминесценттік (электролюминисценттік, катодолюминесценттік, хемилюминесценттік) түлері бар.
Газ разрядында жарқылдың пайда болуы электролюминесценция деп аталады.
Поляр шұғыласы – бұл электролюминесценцияның бір көрінісі. Электролюминесценция жарнамаға арналған түтіктерде пайдаланылады.
Қатты денелердің оларды электрондармен атқылаудан жарқыл шығаруы катодолюминесценция деп аталады. Катодолюминесценцияның арқасында теледидардың электронды сәулелік түтіктерінің экрандары жарықталынады.
Энергияның бір бөлігі тікелей жарық энергиясына айналады. Жарық көзі суық күйінде қалады, бұл құбылыс хемилюминесценция деп аталады. Мысалы, жарқырауық қоңыздар, кейбір бактериялар, кейбір балықтар.
Затқа түскен жарықтың біразы шағылады, ал біразы жұтылады. Кейбір денелер түскен жарықтың әсерінен өздері тікелей жарқыл шығара бастайды. Бұл фотолюминесценция деп аталады. Мысалы, бояулар, күндізгі жарық шамдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет