ОњТЏстік ќазаќстан мемлекеттік медицина академиясы



бет2/98
Дата25.09.2024
өлшемі2,27 Mb.
#145703
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
Байланысты:
ППЗ методичка физика каз (1)

Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин

  • оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • сабақтың мақсаты мен міндеті.

Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин
- оқушылардың алғашқы білім денгейін тексеру
5.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Идеал газ дегеніміз не?
2.МКТ қанша қағидасы бар?
3.Жылулық қозғалыс туралы түсінік
4.Диффузия дегеніміз қандай құбылыс?
Жаңа сабақты түсіндіру: 30 мин
Физикада саны қисапсыз көп молекулалардан тұратын үлкен денелер макроскопиялық денелер деп аталады. Мыс: баллондағы газ, стакандағы су, құм қиыршығы, тас, болат, жер шары – міне, осының бәрі макроскопиялық денелер.
Біз макрокопиялық денелер әлемінде өмір сүрудеміз. Біздің денеміз – бұл да макроскопиялық дене.
Ньютон механикасында уақыттың өтуіне қарай бір дененің екінші бір денеге қатысты кеңістіктегі орын ауыстыруы, яғни макроскопиялық денелердің механикалық қозғалысы қарастырылады.
Механика денелердің қозғалысын зерттейді, бірақ ол неліктен қатты, сұйық және газ тәрізді денелердің болатынын және бұл денелер бір агрегаттық күйден басқа күйге қалай ауыса алатынын, яғни денелердің ішкі қасиеттерін түсіндіре алмайды.
Механикалық қозғалыстардан кейінгі нағыз елеулі құбылыстар- денелер температурасының өзгеруіне қарай олардың қызыуына немесе суынуына байланысты құбылыстар. Бұл құбылыстар жылу құбылыстары деп аталады.
Барлық денеленр атомдар мен молекулалардан тұрады. Жылу құбылыстары денелердің ішінде жүріп жатқан және сол бөлшектердің қозғалыстарына байланысты анықталады. Атомдар мен молекулалардың қозғалысын иттің немесе автомобилдің жүрісімен салыстыруға келмейді. Заттың атомдары мен молекулалары бейберекет қозғалыс жасайды, сондықтан одан қандай да бір жүйеліктің ізін көру қиын. Молекулалардың бейберекет қозғалысын жылулық қозғалыс деп атайды.
Температура өзгергенде денелердің механикалық қасиеттерінен басқа қасиеттері де өзгереді, мысалы, электр тогына кедергісі, магниттік қасиеті және т.б.
Жоғарыда аталғандардың барлығы және басқа да көптеген жылу құбылыстары белгілі бір заңдарға бағынады. Жылу құбылыстары бағынатын заңдардың ашылуы, осы құбылыстарды толық пайда тигізетіндей етіп практикада ,техникада қолдануға жәрдемдеседі.
Бүгінгі астрономия дамуы ғылыми техникалық прогреспен тығыз байланысты іргелі физика математикалық ғылым. Мұны әсіресе аспан денелерінің табиғатын зерттейтін астрономияның негізгі бөлімі астрофизиканы мысалға алып, көрнекі көрсетуге болады.
Астрономия басқа ғылымдардың мәліметтеріне сүйеніп ғана қоймайды, сонымен қатар кейінгілердің дамуына мүмкіндік жасайды.Мысалы, астрофизика жер физикасын заттың өте жоғары және өте төмен температурадағы, қысымдағы, тығыздықтағы, сондай ақ әр түрлі магнит өрісіндегі күйі туралы бағалы мәліметтермен байытады. Ғаламның өзі Жерден мүлдем өзгеше жағдайдағы заттардың жай күйін зерттеуге мүмкіндік тудыратын ғаламат физикалық лабораторияға айналып келе жатқан тәрізді. Молекула - кинетикалық теорияның мақсаты- макроскопиялық денелердің қасиеттерін және оларда болып жататын жылулық процестерді барлық денелер жекелеген, бейберекет қозғалатын бөлшектерден тұрады деген ұғым негізінде қарастыру.
Зат құрылысының молекула – кинетикалық теориясы негізіне әрқайсысы да тәжірибелер нәтижесінде дәлелденілген үш тұжырым алынады: зат бөлшектерден тұрады; бұл бөлшектер бейберекет қозғалады; бөлшектер бір- бірімен өзара әсерлеседі.
Молекулалардың массалары өте кішкене болғандықтан, есеп қисап жасағанда массалардың абсолют мәндері емес, салыстырмалы мәндерін пайдаланған ыңғайлы.
Заттың салыстырмалы молекулалық массасы Мr дегеніміз берілген зат молекуласының m0 массасының көміртегі атомы массасының 1/12 – не қатынасы болып табылады: ( 1)
Кез келген макроскопиялық денедегі атомдар санын анықтау үшін – зат мөлшері енгізілген .
Халықаралық бірліктер жүйесінде заттың мөлшері мольмен өрнектеледі. Бір моль – бұл 0,012 кг көміртегінде қанша атом болса , сонша молекуласы бар заттың мөлшері.
Демек, кез келген заттың 1 моліндегі атомдар немесе молекулалар саны бәрінде бірдей. Бұл атомдар санын NА деп белгілейді және оны итальян ғалымы құрметіне Авогадро тұрақтысы деп атайды. NA = 6 * 1023 моль -1 ( 2)
Заттың мөлшері ν берілген денедегі N молекулалар санының NА Авогадро тұрақтысына, яғни 1 мольдегі молекулалар санына қатынасына тең: ν = (3)
Заттың мольдік массасы деп – бір молдің мөлшерінде алынған заттың массасын айтамыз.
Осы анықтамаға орай, мольдік масса молекула массасын Авогадро тұрақтысына көбейткенге тең: М = m0 NA ( 4)
Заттың кез келген мөлшерінің массасы m денедегі молекулалар санын бір молекуланың массасына көбейткенге тең: m = m0 N (5)
Біз өткен курстарда диффузиямен – газдардың , сұйықтардың және қатты денелердің тікелей жанасқанда өзара араласуымен танысқанбыз. Бұл құбылысты молекулалардың ретсіз қозғалысымен түсіндіруге болады. Алайда молекулалар қозғалысының ең айқын дәлелін қандай болса да бір қатты заттың суда қалықтап жүрген өте ұсақ бөлшектерін микроскоппен бақылау арқылы алуға болады. Бұл бөлшектер броундық қозғалыс деп аталатын ретсіз қозғалыс жасайды.
Броундық қозғалыс – бұл сұйықта ( немесе газда ) қалықтаған бөлшектердің жылулық қозғалысы.
Біз жылулық қозғалыстың болатындығына көз жеткіздік; бейберекет қозғалыстың қалай пайда болатынын көрдік. Молекулалар, броундық бөлшектерге қарағанда әлдеқайда көбірек бейберекет қозғалады.
Қарапайым ғылымда заттың төрт күйі бар екені белгілі: сұйық, қатты және газ тәрізді және плазма. Заттардың қасиеттерін зерттеуде ең қарапайым күй газ тәрізді күйлер болып табылады, сондықтан МКТ газдарға қатысты жасалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет