Күш. Масса. Денеге басқа денелер немесе өрістердің механикалық әсер етудің өлшемін көрсететін физикалық шама күш деп аталады. Күш векторлық шама, ол шамасымен, бағытымен және түсу нүктесімен сипатталады. Басқаша айтқанда күш денелердің өзара әсерін сипаттайды, ол дене жылдамдығын өзгертеді, яғни үдеу туғызады немесе денені деформацияға ұшыратады. Белгіленуі F, бірліктердің халықаралық жүйесіндегі өлшем бірлігі ньютон.
Өзара әсерлесудің гравитациялық, электромагниттік, күшті және әлсіз өзара әсерлесу деп аталатын түрлері бар. Табиғатта кездесетін күштер:
Гравитациялық (тартылу) күш бүкіл әлемдік тартылыс заңы бойынша тартылатын екі дененің массаларына тура пропорционал, олардың арақашықтығына кері пропорционал және осы денелер арқылы өтетін түзудің бойымен бағытталған:
Ғ12= – F21= – gm1m2/r212,
мұндағы g – гравитациялық тұрақты. Дененің серпімді деформациялануынан пайда болатын күшті серпімділік күші деп атайды. Ол дене бөлшектерінің ығысуына пропорционал және оған қарама-қарсы бағытталған күш:
F = – kх (Гук заңы),
мұндағы k – серпімділік коэффициенті. Қатты денелер бірінің бетімен бірі қозғалғанда олардың арасында пайда болатын үйкелісті құрғақ үйкеліс деп атайды, пайда болатын күш (үйкеліс күші) F = mN = mmg, мұндағы m – үйкеліс коэффициенті. Кедергі күші дене газ бен немесе сұйықта қозғалған кезде пайда болады, ол дененің ортаға қатысты жылдамдығына пропорционал, ал бағыты қозғалыс бағытына қарама-қарсы:
F = – bv,
мұндағы b – кедергі коэффициенті, ол дененің өлшемі мен пішініне, оның бетінің күйіне және ортаның қасиетіне байланысты. Ауырлық күші-F=mg, яғни Жермен байланыста санақ жүйесінде массасы m дененің Жерге тартылу күші.
Дененің салмағы деп дене Жерге тартылуы салдарынан тіреуге немесе аспаға әсер ететін күшті айтады. Белгіленуі-Р, халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшем бірлігі-ньютон. P = mg. Егер дене а үдеумен қозғалса және бағыты g-мен бағыттас болса, онда P = m(g – а), ал егер а мен g бағыттары қарама–қарсы болса, онда P = m(g + а). Егер а = g болса, онда (P=0) салмақсыздық жағдай болады.
Заттың тығыздығы дегеніміз заттың көлем бірлігіндегі массасына тең шама, r = m/V. Белгіленуі r, ал бірліктердің халықаралық жүйесіндегі өлшем бірлігі кг/м3.
Ілгерілемелі қозғалыстағы дененің инерттілігін сипаттайтын шама-масса деп аталады. Белгіленуі m, ал бірліктердің халықаралық жүйесіндегі өлшем бірлігі-килограмм. Өзара әсерлескен екі дененің қайсысы аз үдеу алса, яғни инертті болса, соның массасы үлкен болады, m1/m2= а2/а1. Классикалық механикада дененің массасы оның жылдамдығына тәуелді емес, дененің массасы m сол денені құрайтын материалдық нүктелердің m1, m2, …массаларының қосындысына тең, яғни масса аддитивтік қасиетке ие, толық оңашаланған денелер жүйесінде болып жатқан кез келген процесс кезінде масса өзгермейді (массаның сақталу заңы).