ОњТЏстік ќазаќстан мемлекеттік медицина академиясы



бет59/98
Дата25.09.2024
өлшемі3,32 Mb.
#145703
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   98
Байланысты:
ППЗ методичка физика каз (1)

5.7. Бақылау : ауызша сұрақ жауап.
Жаңа тақырыпты бекіту. 5 мин

  1. Атом ядросының құрамы.

  2. Изотоптар.

  3. Ядролық күштер.

Сабақты қорытындылау. 5 мин
-Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма беру. 5 мин
№ 21 сабақ
5.1. Тақырыбы: Механика
Сағат саны: 2. 90 мин
5.2.Сабақтың мақсаты:Кинематика және механикалық қозғалыстың сипаттамалары мен түрлерін қарастыру.Динамика.
5.3.Оқыту міндеттері:
- Теориялық және тәжірибелік көрсетілімдер мен зертханалық жұмыстарды орындау барысында экспериментті жоспарлау;
- сызбанұсқа бойынша құрылғыны жинау, өлшеуіш құралдарды қолдана алу, бақылау жасай алу және өлшеу мен тәжірибені жүргізе білу;
- өлшеудің қателіктерін есептеу және оны бағалай білу, қысқаша есеп жазу және қортынды жасай білу;
Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин
- оқушылардың алғашқы білім денгейін тексеру
5.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Механика туралы түсінік.
2.Күш дегеніміз не?
3.Қозғалыстың түрлері. Жаңа сабақты түсіндіру: 30 мин
Механика – денелердің қозғалысын, оның заңдылығын, пайда болу себебін және оның өзгерісін зерттейтін физиканың бөлімі.
Механикалық қозғалыс – уақыт өтуіне қарай кеңістікте, басқа денемен салыстырғанда, дененің орнының өзгеруі.
Механиканың негізгі мәселесі – дененің кеңістіктегі кез келген уақыт мезетіндегі орнын анықтау.
Кинематика – механикалық қозғалыстың себебін түсіндірмей, қозғалыстың математикалық сипаттамасын қарастыратын механиканың бөлімі.
Кинематиканың негізгі ұғымдары
Материялық нүкте – қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдері еленбейтіндей денені айтады. Мысалы: Бала – мектептен үйге дейін 1км немесе одан да көп қашықтықты жүріп өтсе, материялық нүкте болып есептеледі. Бала – ертеңгілік денешынықтыру жаттығуларын жасап жатқанда, материялық нүкте деуге болмайды.
Қозғалыстың салыстырмалылығы - әр түрлі денеге қатысты, дене әр түрлі қозғалады (тыныштық – қозғалыстың белгілі бір жағдайы). Мысалы: жүзгіш қайық үстіндегі бақылаушыға және жағадағы бақылаушыға қатысты, әр түрлі жылдамдықпен қозғалады.Қозғалыс траекториясы – дене бойымен қозғалатын сызық.
S[м] ← Жүрілген жол – дене бойымен қозғалған траекторияның ұзындығы.
[м] ← Орын ауыстыру – қозғалыс траекториясының бастапқы
және соңғы нүктелерін қосатын бағытталған кесінді (сурет).

Өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын шамалар векторлық шамалар деп аталады. Мысалы, жылдамдық, орын ауыстыру, үдеу, күш, импульс, т.б. Вектордың сандық мәні оның модулі деп аталады. Векторларға амалдар қолдануда математика курсындағы векторларды қосу ережелері қолданылды.



Динамика. Классикалық механиканың заңдары. Табиғаттағы күштер

Денелердiң өзара әсерлесуiн және осы әсерлесуден пайда болатын қозғалыстарды зерттейтiн механиканың бөлiмiн – динамика деп атайды. Динамиканың негiзiне 1687 жылы Ньютон тұжырымдаған қозғалыс заңдары жатады. айтады. Ньютонның бірініш заңы инерциялық санақ жүйесінің бар екендігін дәлелдейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет