ОњТЏстік ќазаќстан мемлекеттік медицина академиясы



бет28/98
Дата25.09.2024
өлшемі3,32 Mb.
#145703
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   98
Байланысты:
ППЗ методичка физика каз (1)

5.7. Бақылау сұрақтары:
Жаңа тақырыпты бекіту. 5 мин

  1. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсер.Лоренц күші.

  2. Жердің магниттік сферасы және оның күн желімен өзара әсері.

  3. Пара-, диа-, және ферромагниттік заттар.

Сабақты қорытындылау. 5 мин
Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма беру. 5 мин
12 сабақ
5.1. Тақырыбы: Электромагниттік индукция.
Сағат саны: 2 90 мин
5.2. Сабақтың мақсаты: оқушыларға электромагниттік индукция құбылысын түсіндіру, индукция тогының бағытын анықтауды үйрету. Өздік индукция, индуктивтік қандай шамаларға байланысты болатындығын, өткізгіште индукция тогын туғызатын бөгде күштің табиғатымен таныстыру.
5.3.Оқыту міндеттері:
- Теориялық және тәжірибелік көрсетілімдер мен зертханалық жұмыстарды орындау барысында экспериментті жоспарлау;
-сызбанұсқа бойынша құрылғыны жинау, өлшеуіш құралдарды қолдана алу, бақылау жасай алу және өлшеу мен тәжірибені жүргізе білу;
-өлшеудің қателіктерін есептеу және оны бағалай білу, қысқаша есеп жазу және қортынды жасай білу;
Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 25 мин
- оқушылардың алғашқы білім денгейін тексеру
5.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Индукциялық ток туралы түсінік.
2.Ленц ережесі.
Жаңа сабақты түсіндіру: 30 мин
Жер шары өзінің магнит өрісімен қоршалған. Ол жер магнитосферасын құрап бірнеше ондаған километрге созылып жатыр. Жердің магнит өрісі бізді тірі организмдер үшін қауіпті космос бөлшектерінің ағынынан қорғайды. Космостан жерге ұшуда бұл бөлшектер магнитосфералық күш сызықтарының маңында қозғалады. Олар магнит сызықтарына соқтығысқандай болып, жер бетінен ондаған километр қашықтықта бір полюстан келесі полюсқа тербеліс жасайды. Кеңістіктің осы аймағын радиациялық белдеу деп атаймыз.
1821ж. Майкл Фарадейде мынадай сұрақ туындады:
Егер «электрді» «магнетизмге» айналдыру мүмкін болса, неліктен «магнетизмді» «электрге» айналдыруға болмайды?. («Электр тогы темір кесегін магниттей алады. Ендеше, магнит өз тарапынан электр тогын тудыра алмас па екен?»).
Ол гальвонаметрге жалғанған катушканың жоғарғы бөлігіне магниттің N солтүстік полюсын жақындатып енгізеді. Бұл жағдайда магнит өрісі тудыратын магнит ағыны арта бастайды. Гальвонаметр тілшесі нөлден ауытқиды, бұл катушкада электр тогының пайда болғанын білдіреді. Бұл индукциялық ток деп аталады.
Электромагниттік индукция құбылысы деген уақыт өтумен айнымалы магнит өрісінде орналасқан немесе тұрақты магнит өрісінде контурды тесіп өтетін магнит индукция сызықтарының саны өзгеретідей болып қозғалатын өткізгіш контурда электр тогының пайда болуы.
Ом заңы бойынша индукциялық ток артатын болса, сәйкесінше индукциялық ЭҚК-і пайда болады. (i): (1)
1833 ж. орыс ғалымы Э.Х. Ленц индукциялық токтың бағытын анықтайтын жалпылама ережені тағайындады.
Ленц ережесі: тұйық контурда пайда болған индукция тогы өзін тудырған магнит ағынының өзгерісіне қарсы тұрады.
Егер контур арқылы айнымалы ток жүріп жатса, онда контурды тесіп өтетін маггнит ағыны өзгереді. ( және айнымалы магнит ағыны пайда болады.) Соның арқасында айнымалы ток өтіп жатқан өткізгіштің өзінде индукцияның ЭҚК-і пайда болады. Бұл құбылыс өздік индукция деп аталады. (S): (2)
L- контурдың индуктивтілігі. ; ;
[ L ]= (Генри); - ток күшінің өзгеру жылдамдығы.
Магнит өрісі, барлық күш өрістері сияқты энергияға ие болады. Катушкадағы негізгі ток артқанда оның тудыратын магнит өрісі де күшейеді және негізгі ток энергиясының бір бөлігі магнит өрісінің энергиясына түрленеді: (3)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет