5.7. Бақылау :ауызша сұрақ жауап.
Жаңа тақырыпты бекіту. 5 мин
1.Магнит өрісі дегеніміз не?
2.Манит индукция векторы мен модулі қалай анықталады?
3.Магнит өрісінің күш сызықтары және оларды график түрінде қалай кескіндейді?
4.Өткізгіш бөлігіне магнит өрісі тарапынан әсер ететін күшті қалай анықтайды?
5.Қозғалыстағы зарядқа магнит өрісі тарапынан әсер ететін күшті қалай анықтайды?
Сабақты қорытындылау. 5 мин
-Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма беру. 5 мин
№ 13 сабақ
5.1. Тақырыбы: Тербелмелі қозғалыстар.
Сағат саны:2. 90 мин
5.2.Сабақтың мақсаты: тербелістер мен толқындардың түрлерімен және оларды сипаттайтын шамалармен таныстыру.
5.3.Оқыту міндеттері: - Теориялық және тәжірибелік көрсетілімдер мен зертханалық жұмыстарды орындау барысында экспериментті жоспарлау;
-сызбанұсқа бойынша құрылғыны жинау, өлшеуіш құралдарды қолдана алу, бақылау жасай алу және өлшеу мен тәжірибені жүргізе білу;
-өлшеудің қателіктерін есептеу және оны бағалай білу, қысқаша есеп жазу және қортынды жасай білу;
Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.15 мин
- оқушылардың алғашқы білім денгейін тексеру
5.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары 1.Механикалық тербелістер дегеніміз не?
2.Маятниктер нешеге бөлінеді?
3.Гармониялық тербелістер туралыы түсінік.
Жаңа сабақты түсіндіру: 30 мин
Ілгерілемелі және айналмалы қозғалыстармен қатар тербелмелі қозғалыстар да, табиғатта кеңінен таралған. Тербелмелі қсзғалыстар механикалық тербелмелі қозғалыстар болып табылады.
Механикалық тербелістер дегеніміз – тепе-теңдік жағдайдан ауытқи отырып дәл немесе жуықтап қайталанатын қозғалыстарды айтамыз.
М ысалы: алтыбақан , серіппедегі жүк, жіпке ілінген жүк қозғалысы.
Тербелістегі қозғалыстарды анықтау үшін, санақ басын алуға келісілген.
Мысалы: серіппелі маятникте санақ басы ретінде стерженнің ортасы О алынады. Егер шарикті төмен тартып тұрып қайтып жіберсек, онда ол тербеліс жасайды. Санақ басынан тербелістегі нүктенің бастапқы күйіне дейінгі ара қашықтық ығысу деп аталады. Көптеген тербелістегі денелер белгілі бір уақыт аралығында қалыпты күйге келеді. Тербелістегі дененің тепе-теңдік қалпынан ауытқығандағы ығысуына пропорциональ және әр уақытта тепе-теңдік жағына қарай бағытталатын күш, қайтарушы күш деп аталады.
Ығысуға пропорциональ және оған қарама-қарсы бағытталған күштердің әсерінен пайда болатын механикалық тербелістер гармониялық тербелістер деп аталады.
(1) х – ығысу, дененің тепе-теңдік қалыптан ауытқуы.
Хm – амплитуда – дененің тепе-теңдік қалыптан ең үлкен ауытқуы.
Период Т – толық бір тербеліске кеткен уақыт.
Жиілік - бірлік уақыттағы тербеліс жиілігі. w – (дөңгелектік)
айналу жиілігі.
(2) [ T ] = 1сек 2) [ ] = 1герц. N – тербеліс саны.
және
Период пен жиілік кері шамалар.
Денелердің тербелістері тек серпімді күштердің әсерінен ғана емес басқа күштердің әсерінен де пайда болады. Мысалы: ауырлық күші. Ауырлық күшінің әсерінен пайда болатын денелердің тербелісіне маятниктің тербелісі мысал бола алады.
Маятник дегеніміз – дененің ауырлық центріне дәл келмей, осы дененің горизонталь өсінің маңында айнала алатын кейбір денелерді айтамыз.
МАЯТНИКТЕР
математикалық серіппелі
Математикалық маятник – бұл жіпке ілінген жүк
Серіппелі маятник – бұл серіппеге бекітілген жүк.
Сыртқы күштердің әсерінен пайда болатын тербелістер еріксіз тербелістер деп аталады.
Еріксіз тербелістерді тұрақты тепе-теңдік қалыпта тұрған кез келген дене тудыра алады.
Еріксіз тербелістің амплитудасының күрт өсу құбылысын механикалық резонанс деп атайды.
Резонанс радиотехникада электромагнитттік толқындарды қабылдауда маңызды роль атқарады.