5.7. Бақылау : ауызша сұрақ жауап.
Жаңа тақырыпты бекіту. 5 мин
1.Жарықтың дисперсиясы?
2.Рентген сәулелері?
3.Спектр түрлері?
Сабақты қорытындылау. 5 мин
-Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма беру. 5 мин
№26 сабақ
5.1.Тақырыбы:.Жұмыс және энергия.
Сағат саны: 2. 90 мин
5.2. Сабақтың мақсаты: Жұмыс және энергия ұғымын жіті түсіну,мағынасын ашу.
5.3.Оқыту міндеттері: - Теориялық және тәжірибелік көрсетілімдер мен зертханалық жұмыстарды орындау барысында экспериментті жоспарлау;
-сызбанұсқа бойынша құрылғыны жинау, өлшеуіш құралдарды қолдана алу, бақылау жасай алу және өлшеу мен тәжірибені жүргізе білу;
-өлшеудің қателіктерін есептеу және оны бағалай білу, қысқаша есеп жазу және қортынды жасай білу;
Ұйымдастыру кезеңі:10 мин
-Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
-Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
-Сабақтың мақсаты мен міндеті.
Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 25 мин
- оқушылардың алғашқы білім денгейін тексеру 5.4.Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1.Жұмыс туралы түсінік.
2.Потенциалдық энергия дегеніміз не? Жаңа сабақты түсіндіру: 30 мин Жұмыс. Энергия.Материяның әртүрлі пішіндегі қозғалыстарымен оларға қатысты өзара әсерлесудің сандық өлшемдері болатын физикалық шама энергия деп аталады. Энергияның халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшем бірлігі-джоуль. Қозғалыс материяның бөліп қарастыруға болмайтын қасиеті. Сондықтан да кез келген дененің, жүйенің немесе кез келген өрістің энергиясы болады. Материя қозғалысының түріне байланысты энергияның да әр түрі болады: механикалық, жылулық, электромагниттік, ядролық және т.б. Кейбір құбылыстарда материя қозғалысының түрі (пішіні) өзгермейді (мысалы, ыстық дене суық денені ысытады), басқаларында–қозғалыстың басқа түріне өзгереді (мысалы, үйкеліс кезінде механикалық қозғалыс жылулық қозғалысқа айналады). Бірақ та барлық жағдайда бір денеден екіншісіне берілген энергия осы екінші дененің алған энергиясына тең болады.
Дененің механикалық қозғалысының өзгеруі басқа денелер тарапынан әсер еткен күштерден болады. Өзара әсерлесуші денелер арасындағы энергия алмасудың сандық сипаттамасы механикада күштің жұмысы деген шама арқылы түсіндіріледі.
Түзу сызықты қозғалыстағы денеге орын ауыстыруға a бұрыш жасай F күш әсер ететін болса, онда осы F әсер ететін күштің атқаратын жұмысы күштің орын ауыстыру бағытына проекцисының FSкүш түскен нүктесінің орын ауыстыруының көбейтіндісіне тең:
A=FS S=FS cos a Жалпы жағдайда күштің модулі де бағыты да өзгеруі мүмкін, сондықтан да бұл жағдайда формуланы қолдануға болмайды. Егер орын ауыстырудың dr аз ғана бөлігін қарастыратын болсақ, онда әсер ететін F күшті тұрақты деп қарастыруға болады.
Жұмыстың жасалу жылдамды-ғын сипаттау үшін қуат деген физикалық ұғым енгізіледі. N=dA/dt (3.3)
dt уақыт ішінде F күш Fdr жұмыс жасайды және қуат мына шамаға тең болады: N=(Fdr/dt)=Fv(3.4)
Қуаттың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшем бірлігі-ватт. Жүйенің механикалық қозғалыс энергиясы кинетикалық энергия деп аталады. Тыныштықта тұрған денеге әсер ететін F күш ол денені қозғалысқа келтіреді де жұмыс жасайды, ал қозғалысқа келген дененің энергиясы істелген жұмыс шамасына тең шамаға артады. Соныменен, дене жылдамдығын 0-ден v-ға дейін арттыруға кеткен уақытта жүріп өткен жолында Fкүштің жасаған жұмысы дененің кинетикалық энергиясының артуына кетеді, яғни dA=dT Ньютонның екінші заңын қолданып F=m(dv/dt), теңдіктің екі жағын да drорын ауыстыруғакөбейтсек келесі теңдік шығады: Fdr=m(dv/dt)dr=dA.