ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық



Дата25.11.2023
өлшемі24,44 Kb.
#127092
Байланысты:
құқық 13 апта (1)




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ


БӨЖ


Тақырыбы: Мемлекеттік қызметші және қазақстан республикасының бәсекеге қабілеті
Орындаған:Қалмаханова Ж
Тобы :1901-20
Қабылдаған:Битұрсын.Ғ
Қазіргі экономикалық жағдай елдердің алдына әртүрлі халықаралық рейтигнтерде жақсы позицияға қол жеткізу ғана емес, сонымен қатар елдің экономикасының тұрақты дамуын және қоғамның тұрмысын қамтамасыз етуді талап етеді.Осыған орай 2010 ж. 28 желтоқсанында №1332 ҚР Үкіметінің «Бәсекеге қабілеттіліктің сапалы жаңа деңгейіне және 2011-2015ж ж. арналған ҚР экономикасының экспорттық мүмкіндіктеріне қол жеткізу Тұжырымдамасы туралы» Қаулысы қабылданды. Осы тұжырымдамаға сәйкес, келесі алты басымдық анықталды: Макроэкономикалық, институционалдық және құқықтық орта, Инновациялылық және технологиялылық; бәсекеге қабілетітіліктің деңгейлес және сатылас аспектілері, тиімді бизнес, тұрақты даму, халықтың тұрмысының сапасын жақсарту, қазіргі заманғы білім беру. Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру процестеріне мониторинг жүргізу, оларды бағалау және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша нақты ұсыныстар жасау, жоғарыда аталған басымдықтардың әрқайсысы бойынша бар тәуекелдікті жою бойынша бәсекеге қабілеттіліктің қол жеткізілген деңгейін үш бағыт бойынша бағалау әдістемесін жасадық: 1. Мемлекеттік органдардың ақпаратын талдау және мониторинг жүргізу. 2. БАҚ материалдарын және үкіметтік емес ұйымдардың мәліметтерін талдау және мониторинг жүргізу. 3. Халықаралық ұйымдар, рейтингтік мекемелердің жүргізген бағалауларын талдау және мониторинг жүргізу. Мемлекеттік органдардың мониторингінің негізгі мақсаты болып, бәсекеге қабілеттіліктің сапалы деңгейін арттыру бойынша олардың қызметін талдау және мониторингтеу көзі болып, тұжырымдаманың әрбір басымдығы бойынша іс-шараларды орындау бойынша мемлекеттік органдардың есептері мен ақпараттары табылады. БАҚ материалдарының мониторингінің мақсаты-БАҚ ақпараты негізінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру процесін бағалау және Қазақстан қоғамының ең маңызды саяси, экономикалық, әлеуметтік оқиғалары туралы ақпараттарды обьективті тарату болып табылады. Халықаралық ұйымдар, рейтингтік мекемелер жүргізген бағалауларының нәтижелерін талдау және мониторингтеудің мақсаты - Қазақстан экономикасын дамытудағы мәселелердің аспектілерін анықтау болып табылады. Үшінші бағыт бойынша келесі халықаралық рейтингтердің бағалауларын қолдандық: ХЭФ,IMD, «Standard Poor s» Халықаралық рейтингтік агеттігі, «Tranparensy International» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық қоғамдық қозғалысы, АДИ(адами даму индексі) Юнисеф Орталық және Батыс Еуропа және ТМД елдерінің аймақтық бөлімшесі, Энергия тиімділігін арттыру бойынша UNECE ЕЕ 21 компаниясы, «The economist Intelligence» Рейтинг агенттігі, «Unit Doling business» Халықаралық қаржы корпорациясы мен Дүниежүзілік банктің және Кәсіпкерліктің ғаламдық мониторингі GEM және басқалары, Әрбір басымдық бойынша сандық және сапалық бағалау беріледі.Талдау нәтижесі болып басымдықтарды дамытуға бағытталған шараларға ұсыныс дайындау болып табылады. Басымдықтарды дамыту бойынша мемлекеттің жұмысын талдай отырып, ақпараттың барлық көзін пайдалану керек. Төменде әрбір басымдық бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жаңа деңгейіне қол жеткізу процесін талдау кезінде қарастырылуы тиіс,негізгі аспектілер келтірілген. Бірінші басымдық «Бәсекеге қабілетті ментальдылық - білім беру жүйесін жаңғырту, Қазақстан халқының білімін, дағдысын және шеберлігін арттыру, мемлекеттік қызметкерлердің бәсекеге қабілеттілікті саналы түсінуін, Қазақстандықтардың инновациялық ой-пікірі, сыбайлас жемқорлық сияқты аспектілердеқамтиды.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет